Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы N 3/730 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қыркүйекте N 953 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандағы N 4/909 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 24.10.2012 N 4/909 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары С.Телтаевтың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 10–Пр ұсынысының негізінде, індет ошағын жою және жануардың жұқпалы ауруының – ірі қара малдың лептоспироз ауруының таралуының алдын алу мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы, Алатау ауданындағы «Өжет» шағынауданының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы:
      1) індет ошағын жою және жануардың жұқпалы ауруының – ірі қара малдың лептоспироз ауруының таралуының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырсын;
      2) осы қаулыны интернет – ресурсқа орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкіміА. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады