IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну ережелерін бекіту туралы" № 163 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 79 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 964 болып тіркелді. Күші жойылды - VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 11.08.2017 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптарына сәйкес V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы ХIV сессиясының "Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну ережелерін бекіту туралы" № 163 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 810 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпандағы "Алматы ақшамы" газетінің № 18 санында және 2009 жылғы 14 ақпанда "Вечерний Алматы" газетінің № 19 санында жарияланған), IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХIV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну Ережелерін бекіту туралы № 163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 315 шешімімен өзгерістер енгізілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 844 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 мамырдағы "Алматы Ақшамы" газетінің № 62 және 2010 жылғы 22 мамырдағы "Вечерний Алматы" газетінің № 64 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспеде:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тұрақты даму тұжырымдамасына" сөздері алынып тасталсын;

      "басқару" сөзінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын;

      "наурыздағы" сөзі "қаңтардағы" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық және төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С. Калаковқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

      3. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.Т. Мұқашевқа нормативтік құқықтық актіні Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізу жүктелсін.

      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

V сайланған Алматы қаласы


мәслихаты ХI сессиясының


төрағасы

А. Шардинов

V сайланған Алматы қаласы


мәслихатының хатшысы

Т. Мұқашев


      Келісілді:

      Алматы қаласы

      әкімінің орынбасары М. Құдышев

      Алматы қаласы Табиғи

      ресурстар және табиғатты

      пайдалануды реттеу

      басқармасының бастығы А. Рахимбетов

      Алматы қаласы әкімі аппараты

      заң бөлімінің меңгерушісі А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады