Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 01.07.2015 N 1.14-7/1840 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.08.13 N 216 Қаулысымен (алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Белгіленсін:
1-ші қосымшаға сәйкес 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
2-ші қосымшаға сәйкес көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
С. Біләлов |
Қазақстан Республикасының |
А. Мамытбеков |
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы |
2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№ р/н |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
1 |
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар: |
жаздық бидай |
|
күздік бидай |
|
күздік қарабидай |
|
қарақұмық |
|
тары |
|
арпа |
|
сұлы |
|
2 |
Майлы дақылдар |
3 |
Картоп |
4 |
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша өнімдері |
5 |
Жабық топырақтағы көкөністер |
6 |
Жем-шөптік дақылдар: |
бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер |
|
бірінші жылғы егілген басқа да көпжылдық шөптер |
|
жүгері және сүрлемдік күнбағыс |
|
біржылдық шөптер |
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы |
2012 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.07.21 N 205 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/н |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
1 гектарға арналған субсидиялар нормасы,теңге |
1 |
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар (субсидиялардың базалық нормасы) |
550 |
2 |
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар |
750 |
3 |
Майлы дақылдар |
3 400 |
4 |
Картоп |
12 000 |
5 |
Ашық топырақтағы көкөністер мен бақша өнімдері |
12 000 |
6 |
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністер мен бақша өнімдері |
24 000 |
7 |
Қорғалған топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымына) |
1 300 000 |
Жемшөптік дақылдар: |
||
8 |
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер |
800 |
9 |
Бірінші жылы егілген басқа да көпжылдық шөптер |
800 |
10 |
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс |
800 |
11 |
Біржылдық шөптер |
800 |
12 |
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген картоп |
24 000 |