Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамыздағы N 216 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 қыркүйекте N 1813 тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы 604 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 129 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1801 болып тіркелді, 2012 жылғы 9 мамырда № 54 «Солтүстік Қазақстан», № 53 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды,):
      көрсетілген қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      2) «2012 жылға арналған тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлерін, сондай-ақ, тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидия нормативтерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 68 қаулысына (2012 жылғы 29 наурызда № 37 «Солтүстік Қазақстан», № 36 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1798 болып тіркелді):
      көрсетілген қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков
      «КЕЛІСІЛДІ» 2012 жылғы «___» __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады