Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы N 5/15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 шілдеде N 1807 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "Ережесі, Ереже, Ережелер, Ережелердің, Ережелерді" деген сөздер "Қағидасы, Қағида, Қағидалар, Қағидалардың, Қағидаларды" деген сөздермен ауыстырылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 19.03.2013 N 13/28 Шешімімен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.06.2014 N 26/20 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).
      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 заңының 10-бабына сәйкес және аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің ұсыныстарын қарап, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету Қағидасы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.06.2014 N 26/20 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
      Облыстық мәслихаттың
V сессиясының төрағасы
Б. Сәмиева
      Облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешімімен бекітілген

Иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету
Қағидасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.06.2014 N 26/20 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).

1. Жалпы Қағидалар

      1. Осы Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы (әрі қарай-Қағида) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.06.2014 N 26/20 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).
      2. Қағидалар, меншіктік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты.
      3. Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес дайындалып, жасалды.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау шарттары

      4. Иттер мен мысықтарды (әрі - жануарлар) ұстау иелеріне санитарлық-эпидемиологиялық Қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) Қағидаларды және ветеринарлық нормативтерді сақтау керек.
      5. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерінде және көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде ұстауға рұқсат етіледі, бірақ иттерді тұрғын-үй жайларда және көппәтерлі тұрғын үйлерде ұстаған кезде иесі тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануы тиіс.
      6. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, үйдің шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында және тұрғын-үй жайларда (иелерге жеке меншік құқығындағы (жалға беру, уақытша пайдалану және басқа заттық құқығында) үй маңындағы жеке тұрғын үйлер аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.
      7. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, саудалық және өндірістік дүкендердің бөлмелерінде, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени саладағы ғимараттарда, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелерде жануарларды ұстауға және әкелуге рұқсат етілмейді.
      8. Жеке тұрғын-үй жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстау тиіс, иттің барлығы жөнінде үй-жайдың кіреберістегі қақпада ескерту кестесі болу керек.
      9. Жануарлар қоғамдық орындарда ертіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, дүкендердің, емдік мекемелердің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіп орындардың жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, бақылаусыз болып есептелінеді және жергілікті атқарушы органмен мемлекеттік сатып алулар жүргізу арқылы бақылаусыз жануарларды аулаудың тәртібі мен шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйымдармен аулану тиіс.
      Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтер жұмысшыларының қызметін техникалық қамтамасыз ету аулауды жүзеге асырушы ұйымға жүктеледі.
      10. Иттерді таластыруды ұйымдастыру мен өткізуге жол берілмейді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 30.11.2012 N 9/3 Шешімімен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).
      11. Одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ит пен мысықты басқа иеге берілуі немесе қаңғырған жануарларды аулауды және қараусыз (бақылаусыз) жануарларды ұстауды жүзеге асыратын арнайы ұйымға тапсырылуы тиіс.
      12. Иттер мен мысықтардың иелері жануарларын ветеринарлық мекемелерден ветеринарлық паспорттар алу жолымен тіркеуге қоюға тиісті.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 30.11.2012 N 9/3 Шешімімен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).

3. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі

      13. Иттер мен мысықтар иелері міндетті:
      1) иттер мен мысықтарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұстауын қамтамасыз етуге тиісті;
      2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, санитарлық-эпидемиологиялық Қағидаларды және нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) Қағидаларды және ветеринарлық нормативтерді сақтаулары керек;
      3) жануарлар адамдарды сілекейлеу, тырнап алу, тістеген, оны құтыру ауруына деп күдіктену ретінде қарауға болады, барлық жағдайлар туралы, ветеринарлық және тиісті денсаулық сақтау мекемелерге дереу хабарлау.
      4) жануардың кенеттен құлауы жағдайында, ауруға күдікті болғаны туралы ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландырады немесе шұғыл жануарды қоғамдық көліктерді пайдаланбай, ветеринарлық дәрігерге апарады.
      5) жануарлар өлексесін мал қорымда жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріксіз шаралар қолдану;
      6) өздерінің жануарларының ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытылы вакцинация және диагностиканы қамтамасыз ету.
      14. Иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекітілген фактілерге күдіктенгенде, алғашқыда көрсетілген инфекцияға қарсы иммунизация процедураларын өтпегендер, алып қоюға және қажет болғанда кейінгі жойылуға тартылады.
      Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 30-бабы 1-тармағына және 10-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес жүзеге асады.

4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі

      15. Иелері иттер мен мысықтарды серуенге шығарғанда келесілерді орындауы тиіс:
      1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарда, мектепке дейінгі мекемелерінің телімдерде, мектеп алаңдарда, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге болмайды. Егер де иттер мен мысықтар кіреберістерді, баспалдақ алаңдарды, спорттық, балалар алаңдарында, газондарды, тротуарларды, саябақ және скверлер аумақтарын экскременттерін қалдырса, оны жануарлар иелері дереу жинайды.
      2) иттерді арнайы бөлінген орындарда серуендету жүзеге асады.
      3) халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде (автобустағы жинақтаушы алаңдарда) және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстау. Иттердің декоративті түрлерін және мысықтарды сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады.
      4) халқы аз жерлерде иттерді ұзын тізгінде және тұмылдырықта серуендету (иттердің декоративті түрлерінен басқалары) рұқсат етіледі. Серуендетудің қоршалған орындарда, сонымен қатар адамдар жоқ алаңқайларда иттерді тұмылдырығынан шешпей, тізгіннен жіберуге болады.
      5) иттерді түнгі уақытта серуендету (23-тен 6 сағатқа дейін) олардың иелері қалыпты демалысқа және жеке тұлғалардың тыныштылығына қарсы туғызбайтын, тыныштықты сақтаудың шараларын қабылдауы тиіс.
      6) ішімдік ішкен тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде және көліктерде жүруге рұқсат етілмейді.
      7) иттер мен мысықтарды серуендету жағажайларда, қоғамдық шомылу жерлерде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарда және су бөгеттерде жануарларды шомылдыру және жуу рұқсат етілмейді.

5. Иттер мен мысықтар иелерінің құқықтары

      16. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.

6. Қорытынды жағдайлар

      17. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапкершілік етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады