1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың ХХХІІ сессиясының төрағасы |
С.Махметов |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат хатшысының м.а. |
С.Кашенцева |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32/1 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Иттер мен мысықтарды ұстау қағидалары туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы №5/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 20 шілде №1807 тіркелген, 2012 жылғы 28 шілдеде №88 "Солтүстік Қазақстан", №88 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).2. "Иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 маусымдағы №26/20 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 шілде №2872 тіркелген, 2014 жылғы 29 шілдеде №92 "Солтүстік Қазақстан", №92 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).
3. "Иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 30 қарашадағы №9/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда №2032 тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсанда №156 "Солтүстік Қазақстан", №156 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).
4. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 19 наурыздағы № 13/28 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1 тармағы (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 сәуірде № 2257 тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда №52 "Солтүстік Қазақстан", №52 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).
5. "Солтүстік Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 24/22 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімі (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 2674 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде №52 "Солтүстік Қазақстан", №53 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).