"Иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 маусымдағы N 26/20 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 шілдеде N 2872 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 20 шілдеде № 1807 тіркелген, 2012 жылғы 28 шілдедегі № 88 "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2012 жылғы 28 шілдедегі № 88 "Северный Казахстан" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы туралы";
      шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "Қоса берілген иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету Қағидасы бекітілсін";
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидада:
      Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету Қағидасы";
      Қағиданың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "Осы Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы (әрі қарай-Қағида) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету тәртібін анықтайды".
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
XХVI сессиясының
төрағасы
А. Асанова
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады