2012 жылғы Мамлют ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін әлеуметтік қолдауға және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 4 маусымдағы N 4/3 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 маусымда N 13-10-158 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қаңтардағы N 03-03/10 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 24.01.2013 N 03-03/10 хаты)

       2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Мамлют ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық
      сессиясының төрағасы                   мәслихат хатшысы
      Т. Альжанов                              Р. Нұрмұқанова

      КЕЛIСIЛГЕН:

      «Мамлют ауданының ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      (АШВБ)                                     Ы. Насыров

      «Мамлют аудандық экономика және қаржы бөлімі»
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      (ЭҚБ)                                      Р. Ғаббасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады