Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 540-IV Заңы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95- құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; №11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      20-тараудың тақырыбындағы «және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау» деген сөздер «, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 310-1 және 559-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «310-1-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу»;
      «559-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган»;

      2) 20-тараудың тақырыбындағы «және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау» деген сөздер «, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 310-1 және 559-1-баптармен толықтырылсын:

      «310-1-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
                  шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық куәлік берусіз асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректер есебін жүргізуден бас тартуы және есептілік бермеуі;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
      6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында пайдалануы;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды бағалау нәтижелерін бұрмалауы;
      8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаты жоқ жеке тұлғалардың асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру жөніндегі қызметтер көрсетуі;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаты жоқ жеке тұлғалардың асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуі;
      10) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тізілімінде тіркеу үшін жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректер беруден бас тартуы түрінде бұзуы;
      11) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен өсіру мақсатында сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін бұзуы, -
      аттестаттың қолданысын тоқтата отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер (әрекетсіздіктер) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттан айыруға әкеп соғады.».

      «559-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                  уәкілетті орган

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары осы Кодекстің 310-1-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;

      4) 541-баптың бірінші бөлігі «309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «310-1 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
      «асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (310-1-бап (екінші бөлік);».

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж. № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
      53-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының жиырма бесінші абзацындағы «жемшөптi және» деген сөздер алып тасталсын.

      3. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж. № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) асыл тұқымды аналық бал арасы – асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
      2) асыл тұқымды бал ара ұясы – ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;
      3) асыл тұқымдық зауыт – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгілі бір тұқым тобының сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтерін, белгілі бір тұқымның зауыттық желісін өсірумен, жетілдірумен және сатумен айналысатын заңды тұлға;
      4) асыл тұқымдық куәлiк – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;
      5) асыл тұқымдық кiтап – белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
      6) асыл тұқымдық құндылық – ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгілеріне әсер ететін асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің деңгейі;
      7) асыл тұқымды мал – тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
      8) асыл тұқымды малдың карточкасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;
      9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi – асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;
      10) асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын алуға, сақтауға және өткізуге маманданған заңды тұлға;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы – тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      13) асыл тұқымдық орталық – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрықтарын, эмбриондарын алумен, жинақтаумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;
      14) асыл тұқымдық репродуктор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік немесе ата-енелік үйірін өсірумен, жетілдірумен және өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлға;
      15) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары мен бал ара пакеттері;
      16) асыл тұқымды тұқымдық мал – асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;
      17) асыл тұқымдық шаруашылық – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгілі бір түрін, желілері мен типтерін өсірумен және өткізумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
      18) аттестат – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекет танығандығы туралы куәландыратын құжат;
      19) аттестаттау – Қазақстан Республикасының заңнамасымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге қойылатын талаптарға жеке және заңды тұлғалардың сәйкестігін айқындаудың (растаудың) кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсімі;
      20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрі – мал) – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
      21) бағалау – тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, малды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;
      22) бағалаушы (сыныптаушы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, малды бағалауды жүргізу жөнiнде қызмет көрсететін жеке тұлға;
      23) бал ара пакеті – құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;
      24) ен салу (таңбалау) – тиiстi малды дәл бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;
      25) желi – асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
      26) зауыттық тип – тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
      27) индекстік бағалау – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен анықталған аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі;
      28) кросс – малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
      29) қолдан ұрықтандыру – жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
      30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы – құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
      31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы – будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
      32) малдың шығу тегі (ата-тегi) – асыл тұқымды малдың кемінде үш ұрпағының ата-енелерi мен тектері туралы мәлiметтер;
      33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс – малды өсіру кезінде өнімділік бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге арналған дәйекті іс-қимылдардың жиынтығы;
      34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
      35) селекциялық карточка – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған селекциялық малды есепке алу нысаны;
      36) селекциялық мал – таза тұқымды асыл тұқымдық малдан алынған, тұқымның түріне және өнімділік бағытына сай келетін мал;
      37) таза тұқымды өсіру – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;
      38) тектiк қоры шектеулi тұқым – селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;
      39) техник-ұрықтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, малды жасанды ұрықтандыру бойынша қызмет көрсететін жеке тұлға;
      40) тұқым – адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;
      41) тұқым стандарты – уәкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы және шығу тегi бойынша тиісті тұқымдағы асыл тұқымды мал үшін қойылатын ең төмен талаптар;
      42) эмбрион – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;
      43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) – асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;
      44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, жоғары өнімді асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу бойынша қызмет көрсететін жеке тұлға.»;

      2) 2-бапта:
      бірінші бөліктің бесінші абзацындағы «заңды және жеке тұлғаларға» деген сөздер «жеке және заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;

      3) 4-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.»;

      4) 5-бапта:
      тақырып «өнiмге деген сөзден кейін «(материалға)» деген сөзбен толықтырылсын;
      мәтіндегі «заңды және жеке тұлғалардың» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады.».

      6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал
              шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

      Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.
      Жер учаскелерi мен су тоғандарын беру тәртiбi және пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.»;

      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты

       Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
       Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген және уәкiлеттi орган таныған ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк немесе оған барабар құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
      Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.»;

      8) 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу

      10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы
              жүйесі

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) уәкілетті орган;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер кіреді.

      11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
      2) мыналарды:
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын;
      асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдаланудың салалық бағдарламаларын;
      асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша субсидиялау тәртібін;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу тәртібін;
      жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін;
      мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
      асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін;
      асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін бекіту;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағыттарын айқындау;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

      12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік
              басқару органдары

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
      2. Уәкілетті органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы» арнайы атауын беруге құқылы.
      Ведомство басшысы «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары» арнайы атауын, ал ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына – «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор» және «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары» арнайы атауларын беруге құқылы.
      Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тікелей мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.

      13-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын; асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдаланудың салалық бағдарламаларын әзірлейді;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      4) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
      5) тұқым стандартын бекітеді;
      6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу тәртібін әзірлейді;
      7) өз құзыреті шегінде мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      8) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін әзірлейді;
      9) асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін әзірлейді;
      10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      12) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      13) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібін әзірлейді және бекітеді және оны тануды жүзеге асырады;
      15) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді;
      16) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      17) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;
      18) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
      19) бағалау туралы деректердің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      20) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
      22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
      23) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      24) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін әзірлейді;
      25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      26) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін әзірлейді;
      27) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша субсидиялау тәртібін әзірлейді;
      28) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізеді;
      29) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
      32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
              астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (өңірлік) бағдарламаларды әзірлейді;
      2) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
      3) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияларды іске асырады;
      4) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
      5) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнiң әрбiр түрi және әрбір субъект бойынша субсидиялануға жататын, өткізілетін асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындайды;
      6) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
      7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті
              атқарушы органдарының құзыреті

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
      6) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізеді;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк
              бақылау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.
      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      5) өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексеруге;
      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жеке және заңды тұлғалардан аттестаттауға және қайта аттестаттауға өтінімдер қабылдауға құқылы.
      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаржысы есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
      5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк
                реттеу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
      4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
      5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
      6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;
      8) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      16-2-бап. Аттестаттау және қайта аттестаттау

      1. Аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін алуға тілек білдірген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізіледі.
      2. Аттестат беріле отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін беру уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.
      Аттестаттың қолданылу мерзімі – бес жыл.
      3. Қайта аттестаттау аттестаттың қолданылу мерзімін ұзартуға тілек білдірген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің өтініші бойынша жүргізіледі.
      4. Қайта аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.
      Аттестаттың қолданылуы:
      1) аттестаттың қолданылу мерзімі өткен;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект аттестатты қайтару туралы өтініш берген;
      3) сот аттестаттан айыру туралы шешім шығарған жағдайларда тоқтатылады.
      Ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар аттестаттауға жатпайды.

      16-3-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке
                алу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаржысы есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттiк есепке алынуға жатады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердің малдың шығу тегі, өнімділігі және асыл тұқымдық қасиеттері неғұрлым құнды асыл тұқымды мал туралы деректері асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
      Асыл тұқымды малы бар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзуге және қолда бар асыл тұқымды малдарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп беруге құқылы.
      Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде асыл тұқымды малды бюджет қаражаты есебінен сатып алған жағдайда ғана қолда бар асыл тұқымды малын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп береді.
      Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық кiтабына және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
      Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де қасиеттерін растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен және нысан бойынша селекциялық карточка және асыл тұқымды мал карточкасын рәсімдейді.

      16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
      1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
      2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
      3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.
      2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми
                зерттеулер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
      2) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды;
      3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады.»;

      9) 3-тарау алып тасталсын;

      10) 4-тараудың тақырыбы «тану» деген сөзден кейін «және пайдалану» деген сөзбен толықтырылсын;

      11) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану

      1. Өнiм (материал) егер:
      1) малдың селекциялық карточкасы, асыл тұқымдық карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі болған;
      2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
      3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;
      4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған;
      5) инкубациялық жұмыртқа және тәуліктік балапандар асыл тұқымды репродукторларда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
      6) уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
      7) асыл тұқымды бал ара ұялары, асыл тұқымды аналық бал аралары және бал ара пакеттері асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған жағдайларда, асыл тұқымды деп танылады.
      2. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.»;

      12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану

      Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;
      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;
      3) өздерін бірдейлендiруге мүмкіндік беретін жеке таңбасы болған;
      4) асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда пайдаланылады.
      Жеке таңбасы жоқ ұрықтар мен эмбриондарды өткізуге жол берілмейді.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малды сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жеке және заңды тұлғалар алған асыл тұқымды мал Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен пайдаланылады.
      Өз төлінен өсіру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бағалаудан өткен және бағаланған тұқымдық малды өз төлінен өсіру үшін ғана пайдаланылады.»;

      13) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «19-бап. Бағалау

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге тиесілі асыл тұқымды және селекциялық мал міндетті түрде бағалауға жатады.
      Бағалауды бағалаушылар (сыныптаушылар) жүргізеді.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер бағалаудан өтпеген асыл тұқымды және селекциялық малды тұқымды өз төлінен өсіру үшін өткізуге құқылы емес.»;

      14) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау

      Тұқымды өз төлінен өсіру үшін іріктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады.
      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.»;

      15) 22-бапта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етеді.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркейді.»;

      16) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               субъектiлердiң түрлерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
      1) асыл тұқымдық зауыттар;
      2) асыл тұқымдық шаруашылықтар;
      3) асыл тұқымдық орталықтар;
      4) дистрибьютерлiк орталықтар;
      5) бағалаушылар (сыныптаушылар);
      6) техник-ұрықтандырушылар;
      7) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
      8) асыл тұқымдық репродукторлар;
      9) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар жатады.»;

      17) 24-бапта:
      екінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгілі бір тұқымының сынақтан өткен зауыттық және бір тұқым ішіндегі, аймақтық типін, зауыттық тұқымдық желісін өсіру, жетілдіру және сату;»
      «малдың жаңа тұқымдарын және зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтерін, зауыттық желілерді шығару;»;

      18) 25-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, асыл тұқымдық желiлерiн және типтерiн, оның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) сату;»;

      19) 26-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы «тұқымдық» деген сөз «асыл тұқымды тұқымдық малдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және сақтау» деген сөздер «, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;
      3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;
      4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;»;
      2-тармақта:
      «тұқым» деген сөзден кейін «, сапалық» деген сөзбен толықтырылсын;
      «асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі
               бағыттары

      Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу, сондай-ақ оларға асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.»;

      21) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар
               және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі
               мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары

      1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бағалау жүргізу болып табылады.
      2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары малды қолдан ұрықтандыру болып табылады.
      3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.»;

      22) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi
                 бағыттары

      Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) құстардың тұқымдары мен кросстарының тұқымдық желілерін және (немесе) арғы ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
      2) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберінде және ғылым жетістіктеріне сәйкес асыл тұқымды, оның ішінде гендік қоры шектеулі құстардың тектік әлеуетін жетілдіру;
      4) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.»;

      23) мынадай редакциядағы 28-2-баппен толықтырылсын:

      «28-2-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата

      1. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін іске асыру және қорғау үшін құрылатын және қызмет ететін коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
      2. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеледі.
      Қазақстан Республикасының аумағында ірі қара малдың әр тұқымы бойынша бір республикалық палата құрылады және қызмет етеді, ол облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар және өкілдіктер) құруға құқылы.
      Егер, ірі қара малдың бір тұқымының мүддесі Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін ірі қара малдың бірнеше тұқымдары бойынша қандай да бір республикалық палатамен қорғалса, жұмыс істеп тұрған республикалық палатаның қайта құрылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, ірі қара малдың бұл тұқымы бойынша жеке республикалық палатаны құруға жол берілмейді.
      Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен және жарғымен реттеледі.»;

      24) мынадай редакциядағы 28-3-баппен толықтырылсын:

      «28-3-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық
                 палатаның құзіреті

      Ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар:
      1) тиісті тұқымдағы асыл тұқымды малды есепке алуды ұйымдастырады және оларды селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпарат қорына тіркеу арқылы деректер қорын жүргізуді жүзеге асырады;
      2) табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестіреді;
      3) асыл тұқымды малға мәртебе береді;
      4) асыл тұқымдық куәліктер беруді жүзеге асырады;
      5) аталған мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде субсидиялауға жататын, өткізілетін асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын айқындауға қатысады;
      6) асыл тұқымдық кітапты жүргізеді және басып шығарады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.»;

      25) 31-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «саласындағы» деген сөз «туралы» деген сөзбен ауыстырылсын;

      26) 33-бапта:
      «заңды және (немесе) жеке тұлғалары» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «шетел азаматтарымен» деген сөздер «шетелдіктермен» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж. № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат;):
      2-бапта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) асыл тұқымды мал – тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
      4) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;»;
      19) тармақшадағы «ұзақ уақыт» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      «22) селекциялық мал – асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған, тұқымның түріне және өнімділік бағытына сай келетін мал.».

      5. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 16-1), 19-1), 39-1), 39-2), 39-3), 42-1) және 45-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – деректер базасына ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізе отырып және жануарларға арналған ветеринариялық паспортты бере отырып бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
      3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу;
      3-3) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
      3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдары (заттары) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (ілінетін, радиожиілік таңбасы бар), болюстер, чиптер және өзге құралдар;
      3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын белгілеу жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарына жеке нөмірді белгілеуді жүзеге асыратын ұйым;
      16-1) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық (селолық) округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
      19-1) ветеринария саласындағы маман – ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар, ветеринария жүйесінің (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері) қызметкері;
      39-1) мониторинг – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, оларды талдауды, бағалауды және болжауды қамтитын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйін байқаудың мемлекеттік жүйесі;
      39-2) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау – өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген талаптарға сәйкестігін айқындауға уәкілетті орган ауық-ауық жүргізетін рәсім;
      39-3) процессингтік орталық – Қазақстан Республикасының Үкіметі агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандандырылған ұйымдар арасынан анықтаған, эмиссия бойынша деректер базасын жүргізетін, ақпараттың сақталуын және нақтылығын, уақтылы эмиссиясын қамтамасыз ететін жеке нөмірлер эмиссиясы рәсімінің операторы;
      42-1) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын және оларды өндірушілер туралы дара нөмірлері бойынша деректер қорында бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станциялар, заттар (құралдар) мен нысандар туралы ақпаратты енгізу рәсімі;
      45-1) эпизоотологиялық зерттеп қарау актісі – эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және мал ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жаңадан түскен малды оқшаулап ұстау кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор беретін құжат;»;
      9), 10), 12), 13), 14), 15) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы жануарға, жануардан алынатын өнімге және шикізатына ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жануарлардың, жануардың, жануардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
      10) ветеринариялық паспорт – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
      12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы – ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу, тiркеу сынақтарын жүргізу (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану;
      13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу – Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi;
      14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі – уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
      15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары – ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi;
      18) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдері мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;»;

      2) 5-бапта:
      мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) процессингтік орталықтың қызмет ету қағидасын бекіту;
      9-2) ауыл шаруашылығы жануарларын және оларды өндірушілерді бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, заттарды (құралдарды) және нысандарды тіркеу қағидасын бекіту;»;
      17) тармақшада «объектiлердiң» деген сөзден кейін «және биологиялық материалдың» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4) және 18-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-1) жануарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
      18-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау (малды сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
      18-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
      18-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
      18-5) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін бекіту;»;

      3) 8-бапта:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткiзудi, бақылауды, оларды тiркеу сынақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;»;
      14) тармақшада «, аспаптарға, құрал-саймандарға» деген сөздер алып тасталсын;
      34) тармақшада «объектiлердiң» деген сөзден кейін «және биологиялық материалдың» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 38-1) және 38-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «38-1) процессингтік орталықтың қызмет ету қағидаларын әзірлеу;
      38-2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін құралдарды (заттарды) және нысандарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу;»;
      39) тармақшада «және жүргiзу» деген сөздер «, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 46-1), 46-2), 46-3), 46-4), 46-5), 46-6), 46-7), 46-8) және 46-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «46-1) малды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
      46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау (малды сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
      46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
      46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;
      46-5) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
      46-6) жаңадан жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларды келісу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      46-7) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      46-8) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлеу;
      46-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін лицензиялау;»;

      4) 9-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері;»;
      2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейіндегі бөлімшелерді қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері дербес бөлімшелер нысанында құрылады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары бөлімшесінің басшысы Бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады.
      Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер болып табылады.»;

      5) 10-бапта:
      тақырыбындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзац пен 2) және 3) тармақшалардағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақшадағы «Қазақстан» деген сөздің алдынан «ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
      10-2) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;»;
      11) тармақшадағы «жүргізуді ұйымдастыру» деген сөздер «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша алып тасталсын;
      17) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимін немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдау;
      4) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
      6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      9) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу және оны уәкілетті органға ұсыну;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды ұйымдастыру және жүргізу;
      12) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
      13) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережелерді бекіту;
      14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      15) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      17) жануарға ветеринариялық паспорт беру;
      18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме беру;
      19) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
      21) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;
      22) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      23) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      24) ветеринариялық (ветеринариялық–санитариялық) талаптарға сәйкес мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      25) ветеринариялық анықтама беру;
      26) биологиялық материалдан сынама алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу;
      27) жануарларды күтіп-ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету қағидаларын бекіту үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына жануарларды күтіп-ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      28) мүдделі тұлғаларға ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда және ветеринариялық нормативтерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      30) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай-ақ залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      31) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      32) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу;
      33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер «Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «нормативтерге» деген сөз «(ветеринариялық-санитариялық) талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақша «, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнінде дерекқор жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;»;
      мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) ветеринариялық анықтама беру;
      20-2) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      20-3) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      20-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме беру;
      20-5) биологиялық материалдан сынама алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу;»;

      6) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;»;
      «15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
      16) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме беру;
      17) биологиялық материалдың сынама алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу.»;

      7) 11-бапта:
      1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
      ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
      аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;
      2) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
      уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
      3) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
      Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
      сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.»;
      «4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мынадай функцияларды:
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізуді;
      жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
      Аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық пункттермен құрылады.»;

      8) 14-бапта:
      1-2-тармақта «бақылаудың» деген сөзден кейін «және қадағалаудың» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      1), 6), 6-1) және 6-2) тармақшаларда «бақылауды» деген сөзден кейін «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада «бақылау жасауды» деген сөздерден кейін «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы «iс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды» деген сөздер «іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;»;

      9) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 10) тармақшасы «орны ауыстырылатын» деген сөздердің алдынан «мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды),» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы «, тиiстi мемлекеттiк органдардың объектiлерiн ветеринария саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;»;

      10) 15-бап мынадай мазмұндағы 9-1) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) мал көмінділері (биотермиялық шұңқыр);
      11) процессингтік орталық.»;

      11) 16-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы «жүргізу» деген сөз «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
      4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
      5) тармақшадағы «жүргізу» деген сөз «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
      4) тармақшадағы «жүргізу» деген сөз «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту кіреді.»;

      12) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) эпизоотиялық зерттеу актісі;»;

      13) 22-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.»;

      14) 24-бапта:
      1-тармақтағы «жемшөп пен» деген сөздер алып тасталсын;
      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.»;
      «5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;

      15) 24-5-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «қатысты» деген сөзден кейін «ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының» деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 25-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған жануарларды күнтізбелік отыз күн бойы оқшаулап ұстауға;»;

      17) 32-бапта:
      1 және 2-тармақтар «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Процессингтік орталық:
      1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
      2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеуді;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауды;
      4) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөнінде дерекқор жүргізуді;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін оларды беру процесінде ішінара алуды жүзеге асырады.»;

      18) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      «34-1-бап. Әлеуметтік қолдау

      1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария мамандарына, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына әлеуметтік қолдаудың мынадай қосымша шаралары:
      1) жергілікті өкілді органдар айқындаған мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтер мен отынға арналған шығыстарды өтеу;
      3) малы барларды жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен және мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету ұсынылады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, ветеринария қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілей алады.»;

      19) 35-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы «жемшөп пен» деген сөздер алып тасталып, «жүргiзу» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жемшөпті байқаудан өткiзу» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы «iшкi сауда объектiлерiндегi» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) жаңадан келіп түскен жануарларды оқшаулап ұстау кезінде диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық өңдеу жүргізу.».

      6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

      2) 7-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеуді жүзеге асыру;»;

      3) 18-бапта:
      2-тармақтың 7) тармақшасындағы, 4, 5, 6 және 7-тармақтардағы «және спорт» деген сөздер «, спорт және ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      «және спорт» деген сөздер «, спорт және ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тұрғын үй алу» деген сөздерден кейін «немесе салу» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Осы баптың күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.».

      7. «Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат):

      1) 5-баптың 5) тармақшасының екінші абзацында «азықтарды және» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 6-баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшаларындағы «азықтарды және», «азықтардың және» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 9-баптағы «азықтарды және», «азықтар және», «азықтардың және» деген сөздер алып тасталсын;

      4) 16-баптың 2-тармағындағы «азықтарды және» деген сөздер алып тасталсын.

      8. Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      134-баптың 2-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
      Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
      сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізуді;
      жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жүзеге асыру;».

      2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 8) тармақшасының елу тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он үшінші, жүз отыз екінші абзацтарын, 5-тармағы 3) тармақшасының он тоғызыншы абзацын және 6-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады