Ай сайынғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 91 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 маусымда № 4-4-198 тіркелді. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 28 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2013.02.11 № 28 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 300-IV "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес,аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға 3158 (үш мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына (жұбайларына);
      3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге;
      4) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Б.Қ. Қарабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады