Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 65 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 сәуірде № 4-5-160 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2013.02. 05 № 24 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № ХХXІV-2 "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарімен наградталған аудан азаматтарына, ай сайын 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті уақытылы төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 4 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                C. Рысқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады