Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасын және 37 бабын басшылыққа алып, 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ азаматтарды Қарулы Күштерін жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. № 1 қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
3. № 2 қосымшаға сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Сарсенгалиев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы: |
Б. Султанов |
13.06.2012 ж. | |
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: |
А. Кубайдуллин |
13.06.2012 ж. | |
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері: |
А. Доспаева |
13.06.2012 ж. |
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 170 қаулысымен бекітілген қосымша № 1 |
Әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Балахметов Әлифолла Хабиболлаұлы - аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы;Султанов Берік Султанович - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, шақыру комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Жумашева Зоя - аудандық орталық аурухананың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша);
Қаражанова Күләш Құбайдоллақызы - аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Мажитов Руслан Мирасұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша).
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 170 қаулысымен бекітілген қосымша № 1 |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
№ | Елді мекендер атауы | Өту күндері | ||
1 | Индербор кенті | 10.04.2012 | 17.05.2012 | 21.06.2012 |
11.04.2012 | 17.05.2012 | 21.06.2012 | ||
07.10.2012 | 12.11.2012 | 11.12.2012 | ||
09.10.2012 | 13.11.2012 | 18.12.2012 | ||
2 | Бөдене ауылдық округі | 09.04.2012 | 16.05.2012 | 20.06.2012 |
09.10.2012 | 08.11.2012 | 10.12.2012 | ||
3 | Жарсуат ауылдық округі | 06.04.2012 | 16.05.2012 | 20.06.2012 |
04.10.2012 | 07.11.2012 | 07.12.2012 | ||
4 | Көктоғай селолық округі | 02.04.2012 | 14.05.2012 | 18.06.2012 |
01.10.2012 | 02.11.2012 | 06.12.2012 | ||
5 | Өрлік селолық округі | 03.04.2012 | 14.05.2012 | 18.06.2012 |
02.10.2012 | 05.11.2012 | 03.12.2012 | ||
6 | Есбол селолық округі | 04.04.2012 | 15.05.2012 | 19.06.2012 |
03.10.2012 | 01.11.2012 | 05.12.2012 | ||
7 | Елтай селолық округі | 05.04.2012 | 15.05.2012 | 19.06.2012 |
05.10.2012 | 06.11.2012 | 04.12.2012 |