2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № 26 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 6 наурызда № 14-3-126 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімі аппаратының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 01-3-1/1910 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімі аппаратының 29.03.2013 № 01-3-1/1910 хатымен). 

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 7-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысы 2012 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде бекітілсін.
      3. «Кентау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыға сәйкес 2012 жылы қоғамдық жұмыстарға жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Алимановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н.Қалмұрзаев

Кентау қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 14 ақпандағы
№ 26 қаулысымен бекітілген

      2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Жұмыстың ңақты жағдайлары

Қаржыландыру көздері

1

«Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мәдениет сарайына қарасты тазалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу. Мәдени іс-шараларына дайындық және шаруашылық мәселелерге байланысты көмек көрсету

Ғимараттың пайдалы алаңы 2152,52 шаршы метр


Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы-аптасына 40 сағат. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы

Жергілікті бюджет

2

«Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі»

Көгалдандыру, көркейту және санитарлық - тазалық жұмыстарын жүргізу

432 000 шаршы метр

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы-аптасына 40 сағат. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы

Жергілікті бюджет



3

«Байылдыр ауыл әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көркейту және санитарлық - тазалық жұмыстарын жүргізу

65 шаршы метр

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы-аптасына 40 сағат. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы

Жергілікті бюджет

4

«Ащысай ауыл әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, көгалдандыру, ағаш отырғызу.

2610 шаршы метр

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы-аптасына 40 сағат. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы

Жергілікті бюджет

5

«Хантағы ауыл әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, көгалдандыру, көркейту және санитарлық – тазалық жұмыстарын жүргізу.

100 шаршы метр

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы-аптасына 40 сағат. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы

Жергілікті бюджет

6

«Қарнақ ауыл әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауыл көшелерін сыпыру, қоқыстарын тазалау. Ағаш отырғызу, күту, ақтау.

162000 шаршы метр

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы-аптасына 40 сағат. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы

Жергілікті бюджет

      Ескертпе: Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда жұмыс істеу мерзімі 6 ай. Іс-жүзінде қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс, қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады