Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 23-5-149 "Бір жолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы № 3-25-V Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 сәуірде № 14-11-190 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 13-101-V Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 13-101-V Шешімімен.

      «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 36 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бір жолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 23-5-149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-11-103 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 12 маусымдағы «Сарыағаш» газетінің № 74-76 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбында:
      «ставкаларын» деген сөзі алынып тасталсын;
      «төлемақы» деген сөз «құнын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      шешімнің 1, 2 тармақтарындағы және 1, 2 қосымшалардың атауларындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     С.Сейтімбетов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б.Садықов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады