Әкімдіктің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 9974 "Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы N 27 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2012 жылғы 27 наурызда № 5-1-182 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы N 5072 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 28.01.2013 N 5072 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7232 тiркелген) бұйрығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 9974 «Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5-1-158 тiркелген, 2011 жылғы 4 ақпандағы № 13 «Дидар», 2011 жылғы 3 ақпандағы № 13 «Рудный Алтай» газеттерiнде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 6, 7 жолдармен толықтырылсын:

6

Молдағұлова көшесі, 15/7

32 (отыз екі) теңге 50 (елу) тиын

7

Өтепов көшесі, 38

52 (елу екі) теңге 50 (елу) тиын

       2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Өскемен қаласының әкімі                 С. Тәукебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады