"Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 9/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 қыркүйекте № 2660 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 25/3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 24.12.2013  N 25/3-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/5-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-184 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 10 мамырдағы № 19 «Өскемен» және № 19 «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы»;
      1 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            М. Екібасова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады