Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 3/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2012 жылғы 04 мамырда № 5-1-184 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 25/3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 24.12.2013  N 25/3-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.    

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Өскемен қалалық  мәслихатының 2012.09.13 № 9/3-V (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 56789-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар;
      2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
      3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
      4) әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар: онкологиялық және туберкулездің түрлі түрлері;
      5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
      6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      7) оралмандар;
      8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
      9) көп балалы отбасылар;
      10) толық емес отбасылар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қалалық  мәслихатының 2012.09.13 № 9/3-V (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 14.03.2013 № 15/5-V шешімімен;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) тиісті уәкілетті орган беретін төтенше жағдайдың болғанын растайтын акті немесе өзге құжат;
      8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығынды растайтын құжаттар (шот-калькуляция, шот-фактура, түбіртек), немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 14.03.2013 № 15/5-V (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            И. Потапов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады