"Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы N 2/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2012 жылғы 03 сәуірде N 5-4-163 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11/8-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012.12.21 N 11/8-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 27 қаңтардағы № 5-4-125 тіркелген, 2010 жылдың 05 ақпанындағы № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек белгiленсiн.»;
      2) 3 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      «3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға «Казпошта» АҚ және «Халық банкi» АҚ бөлiмшелерi арқылы жылына бiр рет 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерiнде келесi құжаттарды тапсырған жағдайда әлеуметтiк көмек жүргiзсiн:».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            В. Стребков
 

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады