Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 148 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 07 ақпанда N 5-5-137 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 386 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013.03.26 № 386 қаулысымен.
      
      
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 30.01.2013 N 351 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5)5-6)-тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс iздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерiн әлеуметтiк қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшiн, Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 30.01.2013 N 351 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкiмiнiң орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкiмi                                    Т. Мүсәпірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады