"Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерi және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы" әкімдіктің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы N 351 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 19 ақпанында № 2886 болып тіркелді. Колданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкім аппаратының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 1051 хатымен)

      Ескерту. Колданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкім аппаратының 2013.04.25 № 1051 хатымен).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13)14)14-3) тармақшаларына «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7 бабының 5-5)5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерiн әлеуметтiк қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшiн, Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерi және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5-5-137 тіркелген, «Абай елі» газетінде 9–15 сәуір 2012 жылғы № 14 санында жарияланған» аудан әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 148 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
      1-тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:
      1. «Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін».
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкiмiнiң орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      3. Аталған қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкiмi                                     Т. Мүсәпірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады