Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2012.06.30 N 429 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2012 жылғы 2 маусымдағы № 344 ұсынысына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің Боровое ауылында ірі қара малдың арасынан аусыл ауруының шығуына байланысты карантин режимін енгізумен карантиндік аймақтың ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Т. Қадыровқа), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Бородулиха ауданы бойынша басқармасының бастығына (Ғ. Сүлейменовке), аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығына (М. Нұркешевке) тиісті іс-шаралар ұйымдастыру мен жүргізу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары А.Нұрғожинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Г. Акулов
Келісілді:
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігінің
ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитеті Бородулиха аудандық аумақтық
инспекциясы» ММ бастығы Т. Қадыров
2012 жыл 6 маусым
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігі мемлекеттік санитарлық -
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті Бородулиха ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы Ғ.Сүлейменов
2012 жыл 6 маусым