Айнабұлақ ауылындағы көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 17 сәуірде N 5-11-150 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)тармақшасына сәйкес Айнабұлақ ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:
      1. Айнабұлақ ауылындағы Кеңес көшесінің атауы Чайзаданов Сейтқали атындағы көшеге өзгертілсін.
      2. Мектеп көшесінің атауы Бариева Фатима атындағы көшеге өзгертілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бас маман Ж. Сағымжановаға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Ауылдық округ әкімінің м.а.                М. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады