Жамбыл ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда N 5-13-107 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Бұқтырма» атауы;
      № 2 көшеге – «Қазақстан» атауы;
      № 3 көшеге – «Жастар» атауы.
      2. Берел ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - «Орталық» атауы;
      № 2 көшеге – «Бұқтырма» атауы;
      № 3 көшеге – «Қарашоқы» атауы;
      № 4 көшеге – «Ақтан» атауы;
      № 5 көшеге – «Мойнақ» атауы;
      № 6 көшеге – «Қараайрық» атауы.
      3. Маралды ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Тәуелсіздік» атауы;
      № 2 көшеге – «Шабанбай» атауы.
      4. Шұбарағаш ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Айтқазы атындағы» атауы;
      № 2 көшеге – «Қайнар» атауы.
      5. Рахмановские ключи ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Арасан» атауы берілсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Е. Качесоваға жүктелсiн.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Ауылдық округ әкiмi                        Е. Абраимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады