Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 шілдедегі N 4-5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 тамызда N 2628 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 17-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 18.04.2014 N 17-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 56789 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жеке тұлғалардың санаттарымен мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;
      4) жасы бойынша зейнеткерлер, сондай ақ, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
      5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар;
      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
      7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
      8) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      9) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
      10) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
      11) онкологиялық және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
      12) өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (өрт, дүлей апат).
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мынадай қажетті құжаттар тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      4) алынып тасталды - Күршім аудандық мәслихатының 16.07.2013 N 12-6 шешімімен;
      5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) қиын (төтенше) жағдай болған кезде әлеуметтік көмек алу мәртебесін растайтын тиісті уәкілетті орган беретін акт немесе құжат;
      8) қаржылық шығынды немесе болашақ қаржылық шығындарды растайтын құжаттар немесе денсаулық сақтау органдарының және басқа органдардың жолдамасы;
      9) туберкулезбен ауыратын аурулардың мәртебесі туберкулезге қарсы диспансердің аңықтамасымен расталады.
      Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады, салыстырудан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Күршім аудандық мәслихатының 16.07.2013 N 12-6 (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Сессия төрағасы                            Л. Шоқаева

      Күршім аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Қ. Әбілмәжінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады