"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 10 шілдедегі № 4-5 шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 12-6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 09 тамызда № 3029 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 17-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 18.04.2014 N 17-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізімдері туралы» Заңының 3 бабының 4 тармағына, 9 бабының 5 тармағына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Күршім аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 4-5 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 03 тамызда № 2628 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 тамызында «Рауан-Заря» № 64 аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            Т. Тойбаев

      Күршім аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Қ. Әбілмәжінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады