Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 28.03.2014 N 172 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 381, 386-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның iргесiндегi құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтардың (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай ұлғайтылған базалық ставкалардың мөлшерi 2-қосымшаға сәйкес белгiленсiн. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
3. Ұлан ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елдi мекен болып Қасым Қайсенов кенті айқындалсын.
4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы М. Сулейменов
Аудандық
мәслихат хатшысы Н. Сейсембина
Ұлан аудандық мәслихатының
2012 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 61 шешiмiне
1-қосымша
Ұлан ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санатын
белгiлеу туралы
Рет |
Автотұрақтардың түрлерi |
Санаты |
1 |
Жер үстiндегi жабық түрлi автотұрақтар, ашық түрлi автотұрақтар |
1 санат |
2 |
Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың iшiне салынған автотұрақтар |
2 санат |
3 |
Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстiндегi төменгi немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар |
3 санат |
Ұлан аудандық мәслихатының
2012 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 61 шешiмiне
2-қосымша
Автотұрақтар үшiн бөлiнген жерлерге салық ставкаларының
санатына қарай мөлшерi
Рет |
Автотұрақтардың |
ҚР Салық кодексiмен |
Ставкалары |
|
кенттер |
ауылдар |
|||
1 |
1 санаты |
0,96 |
0,48 |
10 есе |
2 |
2 санаты |
0,96 |
0,48 |
9 есе |
3 |
3 санаты |
0,96 |
0,48 |
8 есе |