2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 835 "2012 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы" әкімдіктің қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қазандағы N 415 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 қарашада N 2717 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы N 495 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2012.12.11 N 495 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2–тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 835 «2012 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-17-160 номерімен тіркелді, 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 7 аудандық «Ұлан таңы» газетінде жарияланды) әкімдіктің қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі мазмұндағы 15)-тармақшасымен толықтырылсын:
      «15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Ұлан ауданының әкімі                       С. Туленбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады