Мақаншы ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 11 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 наурызда N 5-18-146 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мақаншы ауылының Береговая көшесі – Абикен Саржановтың атындағы көше, Тарбағатай көшесі – Орал Арғынбеков көшесі деп атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы З. Семизбаевға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Округ әкімі                                С. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады