Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдеде № 1879 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 тамызда № 7-1-239 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы N 2714 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы N 2714 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 827-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындары болып Әбубәкір Кердері көшесінің бойы Жаһанша Досмұхамедов және Фрунзе көшелерінің аралығы айқындалсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) күн сайын көшпелі сауда орындарының қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
      3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі көшпелі сауда орындары аумағына қоқыс салатын контейнерлерді, биодәретханаларды орнатсын және күнделікті жинастыру мен қоқыстарды шығаруды ұйымдастырсын.
      4. "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі" және "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды жүзеге асырсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Құттұмұрат-ұлына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                       Б. Шәкімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      ішкі істер департаменті
      Орал қалалық ішкі істер
      басқармасының бастығы,
      полиция полковнигі
      _____________Айтқалиев Шадияр Қамиярұлы
      24.07.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады