Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.01.2013 № 50 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеленов ауданы әкімдігінің "Зеленов ауданы бойынша 2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-140 тіркелген, 2012 жылдың 5 мамырында, 2012 жылдың 19 мамырында "Ауыл тынысы" газетінде № 18, № 20 жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Унгарбеков