Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 18.12.2013 № 16-5 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сырым аудандық мәслихатының "Сырым ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 4-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-10-119 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамыздағы "Сырым елі" газетінің № 34 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
5) тармақшасында "аз қамтылған " деген сөз "мұқтаж" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырым аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Табишев
Сырым аудандық
мәслихатының хатшысы А. Галимов