Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 18.12.2013 № 16-5 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сырым ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50 000 (елу мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдардың ерікті жалдамалы құрамының адамдарына – 50 000 (елу мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медалдерімен наградталған адамдарға – 5 000 (бес мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 3 000 (үш мың) теңге;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан ( қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 10 000 (он мың) теңге;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 5 000 (бес мың) теңге;
2) Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға – 10 000 (он мың) теңге;
3) Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға – 10 000 (он мың) теңге;
4) Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтарға – 10 000 (он мың) теңге;
5) аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысының және дәрігердің жолдамасы негізінде ауданнан тысқары жерлерде емделуге баратын азаматтарға – 30 000 ( отыз мың) теңге, балаларға – 50 000( елу мың) теңге;
6) өрттен, су тасқынынан, басқа да табиғи немесе техногендік сипаттағы апаттық жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) жалғызбасты азаматтарды жерлеу рәсімін өткізген тұлғаға – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) гемодиализ аппаратына мұқтаж І-топтағы мүгедектерге емделуге бір жолғы – 100 000 (жүз мың) теңге;
9) ем қабылдаудың сүйемелдеу кезеңінде жүрген және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулез ауруларына – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
10) тұрмысы төмен аз қамтылған отбасыларға табыстары кедейшілік шегінен аспаған жағдайда – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
11) соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне және басқа да санаттағы адамдарға жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілгендерге, санаторлық курорттық емделу, жергілікті бюджеттен көзделген қаржы шегінде;
12) - алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 7-8 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 7-8 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырым аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Галимов
Сырым аудандық
мәслихатының хатшысы А. Галимов