Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 29.01.2014 № 28 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Мусин
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 340 қаулысына
қосымша
2013 жылға
нысаналы топтарға жататын
адамдардың қосымша тізбесі
1. 6 айдан жоғары жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
2. 50 жастан жоғары жұмыссыз әйелдер;
3. 55 жастан жоғары жұмыссыз ерлер;
4. Аудан орталығынан тыс елді мекенде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық–мерзімдік жұмыс мезгілдерінде);
5. Ұзаққа созылған жұмыссыздарға жататындар – он екі және оданда көп айға созылған жұмыссыздық;
6. Отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
7. 29 жасқа дейінгі жастар;
8. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
9. Бұрын жұмыс жасамағандар (бірінші рет іздеушілер).