Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 тамызда № 33277 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 8 тамыздағы
№ 252 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

      6-тармақ алып тасталсын.

      2. "Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 102) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 102) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқытудың ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, кәсіпорындарға (ұйымдарға) таратылады.".

      3. "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Мектепке дейінгі ұйымдар үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты нысанында:

      3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) білім беру және тәрбие үдерісіне қойылатын санитариялық және гигиеналық талаптарды сақтауға;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты нысанында:

      3-тармағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес оқу жүктемесінің көлемін анықтауға;".

      4. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 101) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленген және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) белгілеу тәртібін айқындайды.".

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
қосымша

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

      Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "мектепке дейінгі ұйым" деп аталатын

      __________________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      атынан басшысы

      __________________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда)

      бір жағынан және екінші жағынан

      ________________________________________________________________

      (баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бұдан әрі "ата-ана" деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының) біреуі

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында төмендегілер туралы осы шарт жасалды:

      1. Шарттың мәні

      1.1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.

      2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Мектепке дейінгі ұйым:

      1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 20883 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес тәрбиеленушілерді қабылдауды іске асыруға;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 29031 болып тіркелді) бектілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 8275 тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелді) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етуге;

      4) баланың өмірімен мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мекепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;

      5) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;

      6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ _____ - _____ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;

      7) тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ, тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда, елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар), карантин енгізілген кезеңде баланың орнын сақтауға;

      8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;

      9) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады;

      10) мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан жыл сайын 1 тамызға дейін шығаруға;

      11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 23469 болып тіркелді) сәйкес бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптарын сақтауға;

      12) тәрбиеленушінің ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрмет көрсетуге міндетті.

      2.2. Мектепке дейінгі ұйым:

      1) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс күндері және демалыс күндері тәрбиеленушілер үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетуге;

      2) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылғанда, тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей, мектепке дейінгі ұйымға келмеген, дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығаруға;

      3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға;

      4) баланы алкагольді немесе наркотикті мас күйдегі ата-анасына немесе заңды өкіліне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына бермеуге;

      5) ата-ана осы шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы ата-ананы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын шартты бұзуға;

      6) өндірістік қажеттілік болған жағдайда топтарды қосуға құқылы.

      2.3. Ата-ана:

      1) Жарғымен анықталған ережелерді орындауға, осы шарттың талаптарын сақтауға;

      2) баланың тамақтануы үшін ________ теңге мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін ақы төлеуге;

      3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;

      4) баланы алкагольді немесе наркотикті мас күйдегі, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандар жақын туысқандарына баланы мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;

      5) мектепке дейінгі ұйымды баланың бармайтыны туралы алдын ала уақытында хабардар етуге;

      6) тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;

      7) мектепке дейінгі ұйымды себепсіз босатпауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш және одан астам уақыт болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген медициналық анықтаманы ұсынуға;

      8) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда құрмет көрсетуге;

      9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша "Мектепке дейінгі ұйыммен" өзара іс-қимыл жасауға;

      10) баланың денсаулығына және басқа балаларға байланысты өміріне қауіп келтіретін проблемаларды жасырмауға;

      11) баланы, оның қызығушылықтарын ескере отырып:

      әдептілікке, төзімділікке және ұлтаралық келісімге;

      кибермәдениет пен кибергигиенаға тәрбиелеуге;

      12) баланың қажеттіліктерін ескере отырып, мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға;

      13) баласының мектепке дейінгі ұйымға баруын қатамасыз етуге міндетті.

      2.4. Ата-ана:

      1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;

      2) баланың мектепке дейінгі ұйымның жағдайына бейімделу кезеңінде белгілі бар уақыт ішінде екі тараптың келісуімен мектепке дейінгі ұйымда болуға;

      3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға;

      4) осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;

      5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі

      Баланың тамақтануы үшін _________ теңге сомасындағы ата-ана төлемі ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін төленеді. Тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда нақты келген күндерінің саны бойынша қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Дауларды шешу тәртібі

      1) осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді;

      2) тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      6. Форс-мажор

      1) су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды;

      2) билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады;

      3) Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың салдарынының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.

      7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі

      1) шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

      2) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді.

      3) шарттың әрекет ету мерзімі ______________бастап _________дейін.

      4) Осы шарт әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Тараптардың мекенжайы және қолы:

Мектепке дейінгі ұйым
_____________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
Мекенжайы:__________________
Мектепке дейінгі ұйым басшысы
_____________________
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)) Қолы________________________
Мөр (мемлекеттк ұйымдарға),
(жеке меншік ұйымдарға -
болған жағдайда)

Ата-ана:
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда))
Мекенжайы:_____________________
Төлқұжат деректері: ______________
________________________________
Жұмыс орны: ____________________
Лауазымы: ______________________
Байланыс деректері _______________
Қолы___________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады