Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 06-7/47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8413 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 10 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 № 10 бұйрығымен.

      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабы 1-тармағының 10-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           А.Байменов

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының          
2013 жылғы 4 сәуірдегі № 06-7/47
бұйрығымен бекітілген     

Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі
(кадр қызметі) туралы үлгілік ереже

1. Жалпы ереже

      1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
      2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ____________________________________________________ тұрады.

2. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі
міндеттері, функциялары мен құқықтары

      3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
      Функциялары:
      1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
      2) мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
      3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
      4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
      4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
      Функциялары:
      1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
      2) мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
      3) конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік қызметке кіруөткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      5. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.
      Функциялары:
      1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.
      6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
      Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) олардың қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
      7. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
      8. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):
      1) Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;
      2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметін ұйымдастыру

      9. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның жауапты хатшысына (жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда – аппарат басшысына, аппарат басшысы лауазымы болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысына) тікелей бағынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады