"Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 146-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 мамырда № 8486 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 тіркелген, "Ресми газет" газетінінің 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (157) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi қаулысымен бекiтiлген Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (1944 жыл Чикаго), "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және әуежайлар мен аэронавигация қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әуежайдың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне уақытша төмендету коэффициенттерi мынадай өлшемдердiң бiреуiне сәйкес келген жағдайда белгiленедi:

      1) белгiлi бiр кезеңге арналған өтiнiмде көрсетiлген әуе кемелерiне жерде қызмет көрсетудiң жоспарланған тұтыну көлемi өткен жылдың осы кезеңiндегi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi нақты тұтыну көлемiнен асады;

      2) әуежайдың iске қосылмаған немесе шамалы iске қосылған қуатын пайдалану мүмкiндiгi;

      3) субсидияланатын авиакомпанияны қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген өлшемге жатқызылған жағдайда әуе кемесiн тиеу коэффициентi 0,5-тен кем құрайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерi мынадай өлшемдердiң бiреуiне сәйкес келген жағдайда белгiленедi:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерiнiң ұшу жиiлiгiнiң өсуi және (немесе) жаңа бағыттарды тарту;

      2) iске қосылмаған немесе шамалы iске қосылған әуе трассаларын пайдалану мүмкiндiгi;

      3) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігі шегінде ішкі тұрақты авиарейстерді орындайтын әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін аэронавигациялық қызметтерге бекіткен ставкаларға 0,5 коэффициентін қолдану арқылы әуе тасымалдаудың республикалық нарығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн әуе кемелерiн пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым (бұдан әрi - өтiнiм берушi) Ереженiң 1-қосымшасына сай өтiнiмдер мен негiздеушi құжаттарды мынадай талаптарды сақтай отырып ұсынған жағдайда бекітеді:

      негiздеушi құжаттардың әрбiр парағына бiрiншi басшы, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер де қол қояды. Бұл жағдайда факсимильдiк қол жарамсыз деп танылады;

      алдыңғы кезең ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекiтудi сұрап отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданудан күтiлiп отырған нәтижелер ұсынылады.

      Бұл ретте, әуе кемелерін пайдаланушы уәкілетті органға өтінімді және негіздеуші құжаттарды екі данада ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуге өтiнiм түскен күнінен бастап 5 жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылған өтiнiмдi қарауға қабылдау туралы не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы өтiнiм берушiнi жазбаша түрде хабардар етеді. Әуе кемелерін пайдаланушының өтінімі қарауға алынған жағдайда уәкілетті орган оның бір данасын әуежайға және (немесе) аэронавигация ұйымына қорытынды шығарту үшін жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өтінім беруші уәкілетті органның өтінімді қарауға қабылдағаны туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына аталған өтінімді алынған хабарламамен бірге жолдайды.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Құзыреттi орган, әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым өтiнiм берушiден өтiнiмдi алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінiң iшiнде уәкiлеттi органға қорытынды ұсынады, онда уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекіту мақсаттылығының негiздемесi не оны бекіту мақсатсыздылығының негiздемесi көрсетiледі.

      Уақытша төмендету коэффициентiн бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган дәлелді қорытынды шығарады, ол құзыреттi органға, әуе кемелерiн пайдаланушыға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға жiберiледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкiлеттi орган әуе кемелерiн пайдаланушы ұсынған негiздеушi құжаттардың сараптамасын ескере отырып, құзыреттi орган, әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым ұсынған қорытындылардың негiзiнде өтiнiм қарауға қабылданған сәттен бастап 45 күнтізбелік күнiнiң iшiнде шешiм қабылдайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Уәкiлеттi орган құзыреттi органның, әуежайдың, аэронавигациялық ұйымның, әуе кемелерiн пайдаланушылардың өкiлдерiнiң және тәуелсiз сарапшылардың қатысуымен уақытша төмендету коэффициентін қолдану мәселелері бойынша кеңес өткiзеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әуежай және аэронавигациялық ұйым уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерiн әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасында жасалған шарт (шартқа қосымша) негiзiнде қолданады. Осы шарт (шартқа қосымша) уақытша төмендету коэффициенттерiн қолдану кезеңiн және әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерiн тұтынудың мәлiмделген көлемiн әуе кемесiн пайдаланушының орындамағаны үшін тиiстi уақыт мерзiмiне уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданбастан көрсетілген қызметтердi тұтынудың нақты орындалған көлемiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта есептеу түрiнде жауапкершiлiгін көздейдi.

      Әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасындағы шарт (шартқа қосымша) осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген бұйрық күшiне енген күнiнен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасалады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Құзыретті орган, әуежай және аэронавигациялық ұйым өз бастамасы бойынша уәкілетті органға бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жою туралы ұсыныс жасай алады, бұл ретте осындай күшін жоюды негіздейтін құжаттарды ұсынады.

      Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптар орындамалған жағдайда, уәкілетті орган да уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюға бастама көтереді. Бұл ретте уәкілетті орган құзыретті органнан, әуежайдан және аэронавигация ұйымынан дәлелді жазбаша қорытындыны сұратады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Уәкілетті орган материалдарды алғаннан бастап күнтізбелік 30 күн ішінде уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюды бас негіздейтін құжаттарға сараптама жүргізеді.

      Жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттернің күшін жою жөнінде шешім қабылдайды немесе құзыретті органға, әуежайға және аэронавигация ұйымына уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюға негіздің жоқтығы туралы дәлелді қорытындыны жолдайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жою туралы бұйырықты құзыретті органға, әуе кемелерін пайдаланушыға, әуежайға және (немесе) аэронавигация ұйымына уәкілетті органның бұйрығы қолданысқа енгізгілгенге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жолдайды.";

      көрсетілген Ережеге 1-қосымшаның 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әуежайлардың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерiн тұтынудың заттай және құндық көріністе тоқсандарға бөлінген нақты (алдыңғы аяқталған төрт тоқсан және алдыңғы күнтiзбелiк жыл) және жоспарланған мәлiмделген көлемдерi. Тұтыну көлемдерi табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк реттеуге жататын әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның әрбiр қызметi бойынша көрсетiледі.

      8. Егер өтiнiм берушi әуежай немесе аэронавигациялық ұйым болған жағдайда - сұратылған кезеңде уақытша төмендету коэффициентiн қолданып және қолданбастан әуе кемелерiн пайдаланушыға реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсету бойынша әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның табыстары, шығыстары деңгейiнiң тоқсандарға бөлінген болжамды көрсеткiштерi.

      Егер өтiнiм берушi әуе кемелерiн пайдаланушы болған жағдайда жоспарланған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданып және қолданбастан әуежайдың және (немесе) аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтыну жағдайында әуе кемелерiн пайдаланушының табыстары деңгейiнiң тоқсандарға бөлінген болжамды көрсеткiштерi.

      Бұл ретте өтiнiм берушi табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттеуге жататын әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның әрбiр қызметiнің бөлінісінде барлық есептерді келтіреді.";

      көрсетілген Ережеге 2-қосымшаға ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескерту:

      Материалдар табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін әрбiр қызметiнің бөлінісінде ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов


      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникация

      министрі

      ___________А. Жұмағалиев

      2013 жылғы 15 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады