Реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 148-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 маусымда № 8517 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 550 бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-3-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысаны бекітілсін.
      2. «Реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 180-НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде 7863 нөмірімен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 10 қазандағы № 659-664 нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                  М. Оспанов

      «КЕЛІСІЛДІ:»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      төрағасы
      __________ Ә. Смайылов
      2013 жылғы 21 мамыр

Қазақстан Республикасы  
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының  
2013 жылғы 14 мамырдағы  
№ 148-НҚ бұйрығымен бекітілген

                                                                нысан

___________________________________________________________
      (реттелетін нарық субъектісінің атауы, БСН/ЖСН)
    шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны)
       орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпарат   

___________________________________
(ЭҚТЖ бойынша қызмет түрі)
201_ жылғы _________
            (тоқсан)

р/с №

Инвестициялық бағдарлама (жоба) көрсеткiштерінің атауы (қолданылу кезеңін көрсете отырып)

Кiм бекiттi (бұйрықтың күнi, нөмiрi)

Iс-шараның атауы

Iс-шараларды iске асыру жылдары

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама iс-шарасының, объектiсінiң жоспарланған өлшемдері (көрсеткiштерi)

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама iс-шарасының, объектiсінiң орындалуы, нақты өлшемдері (көрсеткiштерi) (тоқсан сайын, өспелі қорытындымен)*

Ауытқуы

Ауытқудың себептері

I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

Өлшем бiрлiгi

Техникалық өлшемдер

Өлшем бiрлiгi

Инвестициялардың сомасы

Өлшем бiрлiгi

Инвестициялардың көзi

Өлшем бiрлiгi

Техникалық өлшемдер

Өлшем бiрлiгi

Инвестициялардың сомасы

Өлшем бiрлiгi

Инвестициялардың көзi




















      Ескерту:
      1) *инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша растайтын құжаттарды қоса беріліп отырып (тиісті шарттардың көшірмелері, келісімшарттар, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер (№ 2 нысан) орындалған жұмыстардың және шығыстардың құны туралы анықтама (№ КС-3 нысаны), шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдаушы комиссияларды пайдалануға актілер-қабылдаулар, ішкі жүкқұжат, ішкі реттелетін нарық субъектілерінің пайдалануға енгізу және теңгерімге алу бұйрықтары;
      2) осы нысан мұнай өнімдерін өндіруші субъектілерге қолданылмайды;
      Қысқартылған сөздер:
      БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;
      ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмiрi;
      ЭҚТЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

      Қолы _____________________
              (ұйым басшысы)

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады