Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 207-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қарашада № 8927 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Персоналды басқару секторы (С.Д. Тәженова) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етсін.

      3. Заң бөлімі (Ю.Ф. Энгель) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жолдасын.

      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына (М.Т. Райымқұлов) жүктелсін.

      5. Бұйрық өздеріне қатысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің лауазымды адамдарының назарына жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық 2011 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.


Төраға

А. Мусин

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 207-н/қ нормативтік
қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.10.2021 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Р/с №

Міндеттер, соның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттер атауы

Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары

Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы

Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету

1

Мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету

Кадрлар іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру

1. Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
3. Атын, әкесінің атын (болған жағдайда), тегін өзгерту туралы мәліметтер
4. Туу туралы деректер: туған күні, айы, жылы; туған жері
5. Ұлты
6. Жынысы
7. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
нөмірі;
берілген күні;
қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган
8. Азаматтығы туралы деректер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы):
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні
9. Тұрғылықты мекенжайы
10. Байланыс телефондары (жұмыс, үй, ұялы)
11. Электрондық пошта мекенжайы
12. Портреттік бейнесі (цифрланған суреті)
13. Қолтаңбасы (соның ішінде электрондық-цифрлық (болған жағдайда)
14. Білімі, біліктілігі туралы және арнайы білімінің немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шығарылған күні);
дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
факультеті немесе бөлімі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы;
ғылыми дәрежесі;
ғылыми атағы;
шетел тілдерін білуі
15. Арнайы тексеру нәтижелері
16. Соттылығының болуы (болмауы) туралы мәліметтер
17. Мемлекеттiк қызметшiнiң ант қабылдаған күнi
18. Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтер
19. Еңбек кітапшасының мәліметтері:
нөмірі;
сериясы;
берілген күні
20. Еңбек қызметі туралы мәліметтер (ағымдағы уақытқа еңбек қызметі туралы деректер):
лауазымын, құрылымдық бөлімшені, ұйымды және оның атауын толық көрсету;
жалпы және үздіксіз жұмыс өтілі,
басқа да ұйымдарда бұрын атқарған лауазымдарының атауын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын толық көрсете отырып, осы ұйымдардың мекенжайлары мен телефондары, сондай-ақ деректемелері
21. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер;
награданың атауы немесе аты;
марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі
22. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:
біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы
23. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер
24. Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер:
әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырған) күні;
әскери билетті берген органның атауы;
әскери есепке алу мамандығы;
әскери атағы;
есепке алу/шығару туралы деректер;
әскери қызметтен босатылу негізі
25. Отбасы жағдайы туралы мәліметтер:
неке жағдайы;
неке қию туралы куәлік деректері;
неке бұзу туралы куәлік деректері;
жұбайының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;
жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
туыстық деңгейі;
отбасының басқа мүшелерінің, қарауындағы адамдардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және туған күндері;
балаларының (соның ішінде асырап алған, қамқорлығындағы) бар-жоғы және олардың жасы;
баланың туу туралы куәлігінің деректері;
жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәліктің деректері
26. Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебе туралы мәліметтер:
жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы;
құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамға жеңілдіктер құқығын растайтын куәлік;
Арал маңы экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен адамға жеңілдіктер құқығын растайтын куәлік
27. Мүгедектігі туралы мәліметтер:
мүгедектік тобы;
мүгедектікті белгілеу күні, белгілеу мерзімі
28. Медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәліметтер
29. Тәртіптік/әкімшілік жаза қолдану туралы (соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), мемлекеттiк лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер
30. Қылмыстық теріс қылықты қасақана жасау (жасамау) туралы мәліметтер
31. Сенімгер басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады