"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 09 желтоқсандағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8951 тіркелді

      Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тапсырылатын құжаттарды қысқарту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5761 тіркелген, 2009 жылғы 25 қыркүйекте № 146 (1569) «Заң газетінде» және 2009 жылғы № 10 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды:
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                                 Б. Имашев

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2013 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 375 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2009 жылғы 27 тамыздағы № 115
бұйрығымен бекітілді   

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым
аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне:
      1) өтініш;
      2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі электрондық құжат нысанында;
      3) ұйымның мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын шетелдік ұйымдармен жасасқан екіжақты және көпжақты келісімдерінің көшірмелері электрондық құжат нысанында;
      4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
      5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
      6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдісіне қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
      7) зияткерлік меншік құқығы саласындағы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жұмысын тексеру туралы соңғы екі жылдағы мәліметтері электрондық құжаттың көшірмесі нысанында;
      8) авторлық құқық және сабақтас құқық объектілері құқық иелерінің қызметті алушыға қатысты пікірі электрондық құжаттың көшірмесі нысанында;
      9) осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер.
      «электрондық үкімет» веб-порталында:
      1) электрондық цифрлық қол (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық нысаны ретінде сұрау;
      2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі электрондық құжат нысанында;
      3) ұйымның мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын шетелдік ұйымдармен жасасқан екіжақты және көпжақты келісімдерінің көшірмелері электрондық құжат нысанында;
      4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
      5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
      6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдісіне қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
      7) зияткерлік меншік құқығы саласындағы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жұмысын тексеру туралы соңғы екі жылдағы мәліметтері электрондық құжаттың көшірмесі нысанында;
      8) авторлық құқық және сабақтас құқық объектілері құқық иелерінің қызметті алушыға қатысты пікірі электрондық құжаттың көшірмесі нысанында;
      9) осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер.

Мүліктік құқықтарды    
ұжымдық негізде басқаратын
ұйым аккредиттеуден өту үшін
ұсынатын құжаттар тізбесіне
қосымша         

нысан

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым
аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер

      1) Авторлық құқықты және сабақтас құқықты басқару туралы әрекет күші бар жасасқан келісімдер саны __________________________________;
      2) Авторлық құқықты және сабақтас құқықты пайдаланушылармен әрекет күші бар жасасқан келісімдер саны ___________________________;
      3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің тізімі _________________________________________________;
      4) Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін қажет Қазақстан аймақтарында мұндай ұйым атынан шығатын тұлғалар туралы мәліметтер ____________________________________________________________________;
      5) Интернет-ресурсы бар туралы мәлімет _______________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады