Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2018 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 25 қарашасынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады
Министр | А. Жұмағалиев |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 899 бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
жүзеге асыратын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті
дербес деректер тізбесі
1. Тегі
2. Аты
3. Әкесінің аты (болған жағдайда)
4. Тегі мен атының транскрипциясы
5. Туу туралы мәліметтер:
туған күні, айы, жылы
туған жері
6. Ұлты
7. Жынысы
8. Отбасылық жағдайы
9. Азаматтығы туралы мәліметтер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы)
басқа мемлекеттің азаматтығы (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні
Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан күні
10. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
11. Теңізшінің жеке сәйкестендіру нөмірі
12. Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)
13. Қолы
14. Заңды мекен-жайы, заңды мекен-жайын тіркеген
(тіркеуден шығарған) күні
15. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы
құжаттың нөмірі
құжатты берген күні
құжаттың қолданылу мерзімі
құжатты берген орган