"Теңіз кемесінің капитаны" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 920 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8980 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Теңіз кемесінің капитаны» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               А. Жұмағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрінің
      міндетін атқарушы
      _____________ Қ. Әбсаттаров
      2013 жылғы 04 қараша

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы «20» қарашадағы   
№ 920 бұйрығымен бекітілген   

«Теңіз кемесінің капитаны» кәсіби стандарты

1. Жалпы бөлім

      1. «Теңіз кемесінің капитаны» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «Теңіз және жағалау жүк көлігі» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
      1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
      2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
      2. КС негізгі пайдаланушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
      3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
      3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
      4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
      9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
      11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
      12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
      13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
      14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. КС паспорты мынаны анықтайды:
      1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «50.1 Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «50.2 Теңіз және жағалау жүк көлігі»;
      2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
      теңіз кемесін басқару;
      3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1-параграф «Кеме жүргізуші. Жағалауда жүзетін, жалпы
сыйымдылығы 500-ден төмен болатын теңіз кемесінің капитаны»

      6. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3142 «Капитан»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: капитан;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жағалауда жүзетін, жалпы сыйымдылығы 500-ден төмен болатын теңіз кемесін басқару;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін, жалпы сыйымдылығы 500-ден төмен болатын теңіз кемесінің капитанының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

2-параграф «Кеме жүргізуші. Жалпы сыйымдылығы 500 бастап
3000 дейін болатын, теңіз кемесінің капитаны»

      7. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3142 «Капитан»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: капитан;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесін басқару;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын, теңіз кемесінің капитанының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 2-кестесінде келтірілген.

3-параграф «Кеме жүргізуші. Жалпы сыйымдылығы 3000 және
одан жоғары болатын теңіз кемесінің капитаны»

      8. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі – ҚР КЖ 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3142 «Капитан»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: капитан;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесін басқару;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесінің капитаның еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.

4. КС бірліктерінің тізімі

      8. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 13-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы

      9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 13-кестелерінде келтірілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

      10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
      11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

      12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
      13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

«Теңіз кемесінің капитаны»  
кәсіби стандартына      
1-қосымша           

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрлері

№ р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ-ның біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша дәрежелер

1

Жағалауда жүзетін, жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын теңіз кемесін басқару

Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін, жалпы сыйымдылығы 500 аспайтын теңіз кемесінің капитаны.

Капитан (3142)

5

-

2

Жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесін басқару

Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесінің капитаны.

Капитан (3142)

5

-

3

Жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесін басқару

Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесінің капитаны.

Капитан (3142)

5

-

      Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

«Теңіз кемесінің капитаны»  
кәсіби стандартына      
2-қосымша           

1-кесте

1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші,
жағалауда жүзетін, жалпы сыйымдылығы 500-ден төмен болатын
теңіз кемесінің капитанының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теңіз көлігінің кәсіпорындары мен ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары

Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

СБШ біліктілік деңгейі

5

Кеме жүргізу саласында жоғары кәсіптік білім алу туралы құжат.
Жағалауда жүзу капитанының аға көмекшісінің дипломы немесе капитанның аға көмекшісінің дипломы.
АБҒТЖ операторының дипломы.
Капитандарды дайындау бағдарламасы бойынша теңіз саласында білім беру мекемесінде дайындықтан өту туралы куәлік.
Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік

вахта көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес

2-кесте

2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, жалпы
сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін болатын теңіз кемесінің
капитанының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теңіз көлігінің кәсіпорындары мен ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары

Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Кеме жүргізу саласында жоғары кәсіптік білім алу туралы құжат.
Капитанның аға көмекшісі дипломы.
АБҒТЖ операторының дипломы.
Капитандарды дайындау бағдарламасы бойынша теңіз саласында білім беру мекемесінде дайындықтан өту туралы куәлік.
Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік.
Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өту туралы куәлік

Вахта көмекшісі лауазымында жұмыс өтілі кем дегенде 36 ай немесе кем дегенде 24 ай, егер кем дегенде 12 ай капитанның аға көмекшісі лауазымында өткен болса.

3-кесте

3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме жүргізуші, жалпы
сыйымдылығы 3000 және одан жоғары болатын теңіз кемесінің
капитанының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теңіз көлігінің кәсіпорындары мен ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары

Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Кеме жүргізу саласында жоғары кәсіптік білім алу туралы құжат.
Капитанның аға көмекшісі дипломы.
АБҒТЖ операторының дипломы.
Капитандарды дайындау бағдарламасы бойынша теңіз саласында білім беру мекемесінде дайындықтан өту туралы куәлік.
Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік.
Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.
Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күреске дайындықтан өту туралы куәлік.

Капитанның вахта көмекшісі лауазымында расталған теңіздегі жұмыс өтілі кем дегенде 36 болуы керек, дегенмен, бұл мерзім кем дегенде 24 ай мерзіміне қысқаруы мүмкін, егер қызметтің кем дегенде 12 айы капитанның аға

      Ескертпе: АБҒТЖ - Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың ғаламдық теңіз жүйесі;
      ЭКНАЖ - электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйе;
      АРТЖ - автоматтық радиолокациялық төсем жүйесі.

«Теңіз кемесінің капитаны»
кәсіби стандартына    
3-қосымша         

КС бірліктерінің тізімі

1-кесте

1. «Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін, жалпы сыйымдылығы
500-ден төмен теңіз кемесінің капитаны» еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Басқару деңгейінде кеме жүргізу

2 Ф

Басқару деңгейінде жүктерді орналастыру және тасымалдау

3 Ф

Кеме операцияларын басқару және адамдарға қамқорлық

2-кесте

2. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін
болатын теңіз кемесінің капитаны» еңбек қызметінің (кәсіптің)
түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Басқару деңгейінде кеме жүргізу

2 Ф

Басқару деңгейінде жүктерді орналастыру және тасымалдау

3 Ф

Кеме операцияларын басқару және адамдарға қамқорлық

3-кесте

3. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары
болатын теңіз кемесінің капитаны» еңбек
қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Басқару деңгейінде кеме жүргізу

2 Ф

Басқару деңгейінде жүктерді орналастыру және тасымалдау

3 Ф

Кеме операцияларын басқару және адамдарға қамқорлық

      Ескертпе: Ф – функция

«Теңіз кемесінің капитаны»
кәсіби стандартына   
4-қосымша        

КС бірліктерінің сипаты

1-кесте

1. «Кеме жүргізуші, жағалауда жүзетін, жалпы сыйымдылығы
500-ден төмен болатын теңіз кемесінің капитаны» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф 1

З 1.1 Рейстік тапсырма негізінде рейсті жоспарлау

Рейсті орындау үшін талап етілетін навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, лоциялар, теңізшілерге хабарламалар

Рейсті жоспарлау

Навигациялық және синоптиктік карталармен жұмыс істей білу.
Рейсті жоспарлау және теңіз жолдарын төсеудің қолайлы әдістерін пайдаланып, кез-келген жағдайда, төмендегілерді ескеріп кемені жүргізу:
1. қысылған сулар
2. метеорологиялық жағдайлар
3. мұздар
4. шектелген көрі мүмкіншілігі
5. қозғалысты бөлу жүйелері
6. КҚБЖ аймақтары

Навигациялық құралдар

З 1.2 Тұрған жерді анықтау және тұрған жерді әртүрлі тәсілдермен анықтаудың дәлдігі

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

Кеменің тұрған жері

Әртүрлі жағдайларда тұрған жерді анықтау:
- астрономиялық әдістермен - жағалаудағы бағдарларды пайдаланып, тиісті карталарды пайдалана білуді қоса есептегенде, теңізшілерге хабарламалар және тұрған жерді анықтауға арналған басқа да құралдар - заманауи радионавигациялық құралдарды пайдаланып, олардың жұмыс принциптеріне, шектеулеріне, қателіктердің шығу жерлеріне, дұрыс емес көрсетулерді анықтай білуге аса назар аудару және тұрған жерді дәл анықтау үшін дәлдеу әдістерін игеру

Навигациялық құралдары

З 1.3 Апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету кезінде іздеу-құтқару операцияларының нұсқауы

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, штаттық құтқару құралдары. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 

Апатқа ұшыраған кемелер

Іздеу-құтқару операцияларын Халықаралық іздеу және құтқару жөніндегі авиация және теңіз қызметіне қатысты нұсқаулардың ережелеріне сәйкес ұйымдастыра білу (SAR)

Навигациялық аспапар, карталар және навигациялық құралдар, штаттық құтқару құралдары.
Халықаралық іздеу және құтқару жөніндегі авиация және теңіз қызметіне қатысты нұсқаулар

З 1.4 Қозғалу вахтасында жұмыс атқаруды ұйымдастыру

ҚР ТККҚЖ

Кеме экипажы

Вахта жұмысын атқаруды халықаралық ережелер мен нұсқауларға сәйкес ұйымдастыру және атқару, жүзу қауіпсіздігін, теңіз ортасын қорғау және кеме мен борттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ҚР ТККҚЖ

З 1.5 Теңізде қауіпсіз жүзуді қамтамасыз ету.

Радиолокаторлар, АРТЖ, ЭКНАЖ

Кеме

Радиолокаторды, АРТЖ-н және ЭКНАЖ-н қоса есептегенде, барлық дереккөздерден алынатын навигациялық ақпаратты бағалау

Навигациялық құралдар.
КСАХЕ-72. Радиолокаторлар, АРТЖ, ЭКНАЖ

З 1.6 Жүзу кезінде туындайтын апаттық жағдайлар кезіндегі экипаж әрекеттерінің нұсқауы

Штаттық өртке қарсы құралдар, кептіру жүйелері, апаттан құтқару құралдары

Кеме экипажы

Дабылдар бойынша кестеге сәйкес, экипаж әрекеттерін басқару және ұйымдастыра білу

КӨКН.
Штаттық кептіру жүйелері, апаттан құтқару құралдары.
Өміршеңдік үшін күрес құралдары, өрттің алдын алудың, айқындаудың және сөндірудің әдістері мен құралдары

З 1.7 Әртүрлі гидрометеорологиялық навигациялық жағдайларда кемені басқару

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары

Кеме

Маневрлеу және кемені әртүрлі гидро-метеорологиялық және навигациялық жағдайларда басқару

Навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары

З 1.8 Барлық бағдарға кеменің қауіпсіз жылдамдығын таңдау

Қозғалтқыш қондырғысын дистанциялық басқару жүйесі

Кеме

Кемелік күш беретін қондырғылардың жұмыс принциптері мен техникалық сипаттамалары.

Навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары.
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

2 Ф

З 2.1 Жүк жоспарының әзірленуін бақылау және оны одан әрі бекіту

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпаратты білу.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды білу (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету), жүктеу және балласттау ережелерін білу.

Арту-түсіру

Жүктерді қауіпсіз өңдеу, орналастыру, бекіту және тасымалдауға қатысты тиісті халықаралық ережелерді, кодекстерді және стандарттарды қолдана білу
Орнықтылық және дифферент диаграммаларын, және корпус қуатын есептеуге арналған құрылғыларды пайдалану, атап айтқанда, мәліметтер базасын пайдаланатын автоматты жабдық, сондай-ақ корпус қуатын қолайлы шектерде ұстап тұру үшін, арту және балласттау ережелерін білу
Жүктерді кемелерде орналастыру және бекіту, атап айтқанда жүкті бекітуге арналған кемелік жүк құрылғылары.
ЖОБ кодексінде көрсетілген жүктерді тасымалдауға аса назар аударып, арту-түсіру операцияларын жүргізу
Танкерлерді және танкерлерде жүргізілетін операциялар жалпылай білу
Жүктемеге, рейс кезіндегі күтімге және жүктерді түсіруге қатысты, кемеде қолжетімді деректерді пайдалана білу.
Тиісті нормативтік құжаттар ережелеріне сәйкес, жүктерді қауіпсіз өңдеу рәсімдерін белгілей білу.
Белгілеудің негізгі принциптерін түсіндіре білу.
Кеме персоналы мен терминал арасындағы тиімді қарым-қатынас және өзара қатынасты жақсарту.

Халықаралық теңіз құқығының нормалары (МК ҚЖТТ, ҚАЖХТК, МАРПОЛ73/78,)
Жүк пен жүк операцияларының отырғызылуға және орнықтылыққа әсері.
Ақтара тиеу кемелерінің пайдалану және конструкциялық шектеулері

З 2.2 Жүкке арналған орынжайлардың, люктік жабындылардың және балласттық танктердің анықталған ақаулары мен бұзылуларын бағалау және тиісті шараларды қабылдау

Стандарттық ақтара тиеу кемелерінің аса маңызды конструктивтік элементтерінің беріктігі тұрғысынан шектеулерді білу

Жүкке арналған орынжайлардың, люктік жабындылардың және балласттық танктердің ақаулары мен бұзылулары

Коррозияның, металл қажуының және жүкті дұрыс өңдемеудің тиеу кемелеріне зиянды әсерлерін қалай болдырмауға болатындығын түсіндіре білу

Стандарттық тиеу кемелерінің аса маңызды конструктивтік элементтерінің беріктігі тұрғысынан алғандағы шектеулер

З 2.3 Қауіпті жүктерді тасымалдау

Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша халықаралық ережелерді, талаптарды, кодекстерді және ұсыныстарды білу

Қауіпті және зиянды жүктер

Қауіпті және зиянды жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру; арту және түсіру кезіндегі сақтық шаралары және рейс кезінде жүктерді қарау

Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша ұсыныстарға қатысты Халықаралық ережелер, талаптар, кодекстер, Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық кодексін (ҚЖТТХК), ЖОБ кодексін және Қатты ақтарылма жүктер бойынша Халықаралық теңіз кодексін (ҚАЖХТК) қоса алғанда

3 Ф

З 3.1 Кеменің отырғызылуын, оның орнықтылығын және корпусындағы қуатты бақылау

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпарат.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды білу (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету), жүктеу және балласттау ережелерін білу.
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

Кеменің отырғызылуы, оның орнықтылығы және корпусындағы қуаты

Кеме құрылысының негізгі принциптерін, теорияларын және отырғызылу мен орнықтылыққа әсер ететін факторларды, сондай-ақ қауіпсіз отырғызылу мен орнықтылықты қамтамасыз етуге қажетті шараларды түсіну

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпаратты білу.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды білу (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету). Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

З 3.2 Заңнама талаптарының орындалуын және теңізде адам өмірін қорғауды және теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралардың орындалуын қадағалау және бақылау

Халықаралық теңіз құқығының нормаларын білу (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

Кеме

Халықаралық теңіз құқығы нормаларының орындалуын қадағалау және бақылау (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

Халықаралық теңіз құқығы нормаларын білу (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

З 3.3 Кеменің экипаж мүшелері мен жолаушыларының, құтқару құралдары мен құрылғыларының пайдалану жағдайының, өртке қарсы жүйенің және қауіпсіздіктің басқа жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Халықаралық теңіз құқығының нормаларын білу (МК СОЛАС-74)

Кеме

Өртпен күрес және кемені тастап кету бойынша оқуларды ұйымдастыру.
Құтқару құралдары мен құрылғыларын, өртке қарсы жүйені және қауіпсіздіктің басқа жүйелерін пайдалану жағдайында ұстау.
Апат болған жағдайда, кемедегі барлық адамды қорғау және сақтау үшін жасауға қажетті әрекеттер.
Бұзылу салдарын оқшаулау бойынша әрекеттер және кемені өрттен, соқтығудан немесе қайырға тұрып қалудан кейін сақтау әрекеттері

Халықаралық теңіз құқығы нормаларын білу (МК СОЛАС-74)

З 3.4 КӨКН сәйкес, апаттық жағдайларда жоспарларды және кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша схемаларды әзірлеу

КӨКН, өміршеңдік үшін күрес құралдары өрттің алдын алудың, айқындаудың және сөндірудің әдістері мен құралдары

Апаттық жағдайлардағы әрекеттер жоспары және кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша схемалардың жоспары, апаттық жағдайлардағы әрекеттер

Апат болған жағдайда әрекеттер қабылдау үшін, төтенше жағдайларда әрекеттер жоспарын әзірлеу

Кеме конструкциясы, өміршеңдік үшін күрес құралдарын қоса есептегенде
Өрттің алдын алу, анықтау және сөндіру әдістері мен құралдары

З 3.5 Кемеде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және оның нұсқауы

Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқауды, Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) медициналық бөлімін білу.
Қайғылы жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулар

Кемеде медициналық көмек көрсету

Келесі құралдарының мазмұнын практика жүзінде, тиісті түрде пайдалана білу:
Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқауды немесе Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқау талаптарына сәйкес кемеде медициналық көмек көрсету бойынша кеме экипажының әрекеттерін басқара және ұйымдастыра Білу, Істей білу. Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) Медициналық тарауын және Қайғылы оқиға кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқауды

Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқау. Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқауды білу. Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) Медициналық тарауын білу.
Қайғылы оқиға кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқауды білу

2-кесте

2. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 500 бастап 3000 дейін
болатын теңіз кемесінің капитаны» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

З 1.1 Рейстік тапсырма негізінде рейсті жоспарлау

Рейсті орындау үшін талап етілетін навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, лоциялар, теңізшілерге хабарламалар

Рейсті жоспарлау

Навигациялық және синоптиктік карталармен жұмыс істей білу.
Рейсті жоспарлау және теңіз жолдарын төсеудің қолайлы әдістерін пайдаланып, кез-келген жағдайда, төмендегілерді ескеріп кемені жүргізу:
1. қысылған сулар
2. метеорологиялық жағдайлар
3. мұздар
4. шектелген көрі мүмкіншілігі
5. қозғалысты бөлу жүйелері
6. КҚБЖ аймақтары

Навигациялық құралдар

З 1.2 Тұрған жерді анықтау және тұрған жерді әртүрлі тәсілдермен анықтаудың дәлдігі

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

Кеменің тұрған жері

Әртүрлі жағдайларда тұрған жерді анықтау:
- астрономиялық әдістермен - жағалаудағы бағдарларды пайдаланып, тиісті карталарды пайдалана білуді қоса есептегенде, теңізшілерге хабарламалар және тұрған жерді анықтауға арналған басқа да құралдар - заманауи радионавигациялық құралдарды пайдаланып, олардың жұмыс принциптеріне, шектеулеріне, қателіктердің шығу жерлеріне, дұрыс емес көрсетулерді анықтай білуге аса назар аудару және тұрған жерді дәл анықтау үшін дәлдеу әдістерін игеру

Навигациялық құралдар

З 1.3 Апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету кезінде іздеу-құтқару операцияларының нұсқауы

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, штаттық құтқару құралдары. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 

Апатқа ұшыраған кемелер

Іздеу-құтқару операцияларын Халықаралық іздеу және құтқару жөніндегі авиация және теңіз қызметіне қатысты нұсқаулардың ережелеріне сәйкес ұйымдастыра білу (SAR)

Навигациялық құралдар, штаттық құтқару құралдары

З 1.4 Қозғалу вахтасында жұмыс атқаруды ұйымдастыру

ҚР ТККҚЖ

Кеме экипажы

Вахта жұмысын атқаруды халықаралық ережелер мен нұсқауларға сәйкес ұйымдастыру және атқару, жүзу қауіпсіздігін, теңіз ортасын қорғау және кеме мен борттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ҚР ТККҚЖ

З 1.5 Теңізде қауіпсіз жүзуді қамтамасыз ету

Радиолокаторлар, АРТЖ, ЭКНАЖ

Кеме

Радиолокаторды, АРТЖ-н және ЭКНАЖ-н қоса есептегенде, барлық дереккөздерден алынатын навигациялық ақпаратты бағалау

Навигациялық құралдар.
КСАХЕ-72. Радиолокаторлар АРТЖ, ЭКНАЖ

З 1.6 Жүзу кезінде туындайтын апаттық жағдайлар кезіндегі экипаж әрекеттерінің нұсқауы

Штаттық өртке қарсы құралдар, кептіру жүйелері, апаттан құтқару құралдары

Кеме экипажы

Дабылдар бойынша кестеге сәйкес, экипаж әрекеттерін басқару және ұйымдастыра білу

КӨКН.
Штаттық кептіру жүйелері, апаттан құтқару құралдары.
Өміршеңдік үшін күрес құралдары, өрттің алдын алудың, айқындаудың және сөндірудің әдістері мен құралдары

З 1.7 Әртүрлі гидрометео-рологиялық навигациялық жағдайларда кемені басқару

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары

Кеме

Маневрлеу және кемені әртүрлі гидро-метеорологиялық және навигациялық жағдайларда басқару

Навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары

З 1.8 Барлық бағдарға кеменің қауіпсіз жылдамдығын таңдау

Қозғалтқыш қондырғысын дистанциялық басқару жүйесі

Кеме

Кемелік күш беретін қондырғылардың жұмыс принциптері мен техникалық сипаттамалары.
Қозғалтқыш қондырғысын дистанциялық басқару жүйесі

Навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары.
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

2 Ф

З 2.1 Жүк жоспарының әзірленуін бақылау және оны одан әрі бекіту

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпаратты білу.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды білу (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету), жүктеу және балласттау ережелерін білу.
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

Арту-түсіру

Жүктерді қауіпсіз өңдеу, орналастыру, бекіту және тасымалдауға қатысты тиісті халықаралық ережелерді, кодекстерді және стандарттарды қолдана білу
Орнықтылық және дифферент диаграммаларын, және корпус қуатын есептеуге арналған құрылғыларды пайдалану, атап айтқанда, мәліметтер базасын пайдаланатын автоматты жабдық, сондай-ақ корпус қуатын қолайлы шектерде ұстап тұру үшін, арту және балласттау ережелерін білу
Жүктерді кемелерде орналастыру және бекіту, атап айтқанда жүкті бекітуге арналған кемелік жүк құрылғылары.
ЖОБ кодексінде көрсетілген жүктерді тасымалдауға аса назар аударып, арту-түсіру операцияларын жүргізу
Танкерлерді және танкерлерде жүргізілетін операциялар жалпылай білу
Жүктемеге, рейс кезіндегі күтімге және жүктерді түсіруге қатысты, кемеде қолжетімді деректерді пайдалана білу.
Тиісті нормативтік құжаттар ережелеріне сәйкес, жүктерді қауіпсіз өңдеу рәсімдерін белгілей білу.
Белгілеудің негізгі принциптерін түсіндіре білу.
Кеме персоналы мен терминал арасындағы тиімді қарым-қатынас және өзара қатынасты жақсарту.

Халықаралық теңіз құқығының нормалары (МК ҚЖТТ, ҚАЖХТК, МАРПОЛ73/78,)
Жүк пен жүк операцияларының отырғызылуға және орнықтылыққа әсері.
Ақтара тиеу кемелерінің пайдалану және конструкциялық шектеулері

З 2.2 Жүкке арналған орынжайлардың, люктік жабындылардың және балласттық танктердің анықталған ақаулары мен бұзылуларын бағалау және тиісті шараларды қабылдау

Стандарттық ақтара тиеу кемелерінің аса маңызды конструктивтік элементтерінің беріктігі тұрғысынан шектеулерді білу

Жүкке арналған орынжайлардың, люктік жабындылардың және балласттық танктердің ақаулары мен бұзылулары

Коррозияның, металл қажуының және жүкті дұрыс өңдемеудің тиеу кемелеріне зиянды әсерлерін қалай болдырмауға болатындығын түсіндіре білу.

Стандарттық тиеу кемелерінің аса маңызды конструктивтік элементтерінің беріктігі тұрғысынан алғандағы шектеулер

З 2.3 Қауіпті жүктерді тасымалдау

Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша халықаралық ережелерді, талаптарды, кодекстерді және ұсыныстарды білу

Қауіпті және зиянды жүктер

Қауіпті және зиянды жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру; арту және түсіру кезіндегі сақтық шаралары және рейс кезінде жүктерді қарау

Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша ұсыныстарға қатысты Халықаралық ережелер, талаптар, кодекстер, Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық кодексін (ҚЖТТХК), ЖОБ кодексін және Қатты ақтарылма жүктер бойынша Халықаралық теңіз кодексін (ҚАЖХТК) қоса алғанда

3 Ф

З 3.1 Кеменің отырғызылуын, оның орнықтылығын және корпусындағы қуатты бақылау

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпарат.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды білу (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету), жүктеу және балласттау ережелерін білу.
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

Кеменің отырғызылуы, оның орнықтылығы және корпусындағы қуаты

Кеме құрылысының негізгі принциптерін, теорияларын және отырғызылу мен орнықтылыққа әсер ететін факторларды, сондай-ақ қауіпсіз отырғызылу мен орнықтылықты қамтамасыз етуге қажетті шараларды түсіну

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпаратты білу.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды білу (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету).
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

З 3.2 Заңнама талаптарының орындалуын және теңізде адам өмірін қорғауды және теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралардың орындалуын қадағалау және бақылау

Халықаралық теңіз құқығының нормаларын білу (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

Кеме

Халықаралық теңіз құқығы нормаларының орындалуын қадағалау және бақылау (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

Халықаралық теңіз құқығы нормаларын білу (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

З 3.3 Кеменің экипаж мүшелері мен жолаушыларының, құтқару құралдары мен құрылғыларының пайдалану жағдайының, өртке қарсы жүйенің және қауіпсіздіктің басқа жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Халықаралық теңіз құқығының нормаларын білу (МК СОЛАС-74)

Кеме

Өртпен күрес және кемені тастап кету бойынша оқуларды ұйымдастыру.
Құтқару құралдары мен құрылғыларын, өртке қарсы жүйені және қауіпсіздіктің басқа жүйелерін пайдалану жағдайында ұстау.
Апат болған жағдайда, кемедегі барлық адамды қорғау және сақтау үшін жасауға қажетті әрекеттер.
Бұзылу салдарын оқшаулау бойынша әрекеттер және кемені өрттен, соқтығудан немесе қайырға тұрып қалудан кейін сақтау әрекеттері

Халықаралық теңіз құқығы нормаларын білу (МК СОЛАС-74)

З 3.4 КӨКН сәйкес, апаттық жағдайларда жоспарларды және кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша схемаларды әзірлеу

КӨКН, өміршеңдік үшін күрес құралдары өрттің алдын алудың, айқындаудың және сөндірудің әдістері мен құралдары

Апаттық жағдайлардағы әрекеттер жоспары және кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша схемалардың жоспары, апаттық жағдайлардағы әрекеттер

Апат болған жағдайда әрекеттер қабылдау үшін, төтенше жағдайларда әрекеттер жоспарын әзірлеу

Кеме конструкциясы, өміршеңдік үшін күрес құралдарын қоса есептегенде
Өрттің алдын алу, анықтау және сөндіру әдістері мен құралдары

З 3.5 Кемеде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және оның нұсқауы

Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқауды, Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) медициналық бөлімін білу.
Қайғылы жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулар

Кемеде медициналық көмек көрсету

Келесі құралдарның мазмұнын практика жүзінде, тиісті түрде пайдалана білу:
Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқауды немесе Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқау талаптарына сәйкес кемеде медициналық көмек көрсету бойынша кеме экипажының әрекеттерін басқара және ұйымдастыра Білу, Істей білу. Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) Медициналық тарауын және Қайғылы оқиға кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқауды

Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқау немесе Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқауды білу. Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) Медициналық тарауын білу
Қайғылы оқиға кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқау

3-кесте

3. «Кеме жүргізуші, жалпы сыйымдылығы 3000 және одан жоғары
болатын теңіз кемесінің капитаны» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

З 1.1 Рейстік тапсырма негізінде рейсті жоспарлау

Рейсті орындау үшін талап етілетін навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, лоциялар, теңізшілерге хабарламалар

Рейсті жоспарлау

Навигациялық және синоптиктік карталармен жұмыс істей білу.
Рейсті жоспарлау және теңіз жолдарын төсеудің қолайлы әдістерін пайдаланып, кез-келген жағдайда, төмендегілерді ескеріп кемені жүргізу:
1. қысылған сулар
2. метеорологиялық жағдайлар
3. мұздар
4. шектелген көрі мүмкіншілігі
5. қозғалысты бөлу жүйелері
6. КҚБЖ аймақтары

Навигациялық құралдар

З 1.2 Тұрған жерді анықтау және тұрған жерді әртүрлі тәсілдермен анықтаудың дәлдігі

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар

Кеменің тұрған жері

Әртүрлі жағдайларда тұрған жерді анықтау:
- астрономиялық әдістермен
- жағалаудағы бағдарларды пайдаланып, тиісті карталарды пайдалана білуді қоса есептегенде, теңізшілерге хабарламалар және тұрған жерді анықтауға арналған басқа да құралдар
- заманауи радионавигациялық құралдарды пайдаланып, олардың жұмыс принциптеріне, шектеулеріне, қателіктердің шығу жерлеріне, дұрыс емес көрсетулерді анықтай білуге аса назар аудару және тұрған жерді дәл анықтау үшін дәлдеу әдістерін игеру

Навигациялық құралдар

З 1.3 Фпатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету кезінде іздеу-құтқару операцияларының нұсқауы.

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, штаттық құтқару құралдары. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 

Апатқа ұшыраған кемелер

Іздеу-құтқару операцияларын Халықаралық іздеу және құтқару жөніндегі авиация және теңіз қызметіне қатысты нұсқаулардың ережелеріне сәйкес ұйымдастыра білу (SAR)

Навигациялық құралдар, штаттық құтқару құралдары

З 1.4 Қозғалу вахтасында жұмыс атқаруды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 675 «Қазақстан Республикасында Кемелерде қызмет ету Жарғысы» Қаулысы

Кеме экипажы

Вахта жұмысын атқаруды халықаралық ережелер мен нұсқауларға сәйкес ұйымдастыру және атқару, жүзу қауіпсіздігін, теңіз ортасын қорғау және кеме мен борттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ҚР ТККҚЖ

З 1.5 Теңізде қауіпсіз жүзуді қамтамасыз ету.

Радиолокаторлар, АРТЖ, ЭКНАЖ.

Кеме

Радиолокаторды, АРТЖ-н және ЭКНАЖ-н қоса есептегенде, барлық дереккөздерден алынатын навигациялық ақпаратты бағалау

Навигациялық карталар және навигациялық құралдар.
КСАХЕ-72. Радиолокаторлар, АРТЖ, ЭКНАЖ

З 1.6 Жүзу кезінде туындайтын апаттық жағдайлар кезіндегі экипаж әрекеттерінің нұсқауы

Штаттық өртке қарсы құралдар, кептіру жүйелері, апаттан құтқару құралдары

Кеме экипажы

Дабылдар бойынша кестеге сәйкес, экипаж әрекеттерін басқару және ұйымдастыра білу

КӨКН.
Штаттық кептіру жүйелері, апаттан құтқару құралдары.
Өміршеңдік үшін күрес құралдары, өрттің алдын алудың, айқындаудың және сөндірудің әдістері мен құралдары

З 1.7 Әртүрлі гидрометео-рологиялық навигациялық жағдайларда кемені басқару

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары

Кеме

Маневрлеу және кемені әртүрлі гидро-метеорологиялық және навигациялық жағдайларда басқару

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары

З 1.8 Барлық бағдарға кеменің қауіпсіз жылдамдығын таңдау

Қозғалтқыш қондырғысын дистанциялық басқару жүйесі

Кеме

Кемелік күш беретін қондырғылардың жұмыс принциптері мен техникалық сипаттамалары.
Қозғалтқыш қондырғысын дистанциялық басқару жүйесі

Навигациялық аспаптар, карталар және навигациялық құралдар, кеменің маневрлі сипаттамалары.
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

2 Ф

З 2.1 Жүк жоспарының әзірленуін бақылау және оны одан әрі бекіту

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпарат.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету), жүктеу және балласттау ережелерін білу.
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

Арту-түсіру

Жүктерді қауіпсіз өңдеу, орналастыру, бекіту және тасымалдауға қатысты тиісті халықаралық ережелерді, кодекстерді және стандарттарды қолдана білу
Орнықтылық және дифферент диаграммаларын, және корпус қуатын есептеуге арналған құрылғыларды пайдалану, атап айтқанда, мәліметтер базасын пайдаланатын автоматты жабдық, сондай-ақ корпус қуатын қолайлы шектерде ұстап тұру үшін, арту және балласттау ережелерін білу
Жүктерді кемелерде орналастыру және бекіту, атап айтқанда жүкті бекітуге арналған кемелік жүк құрылғылары.
ЖОБ кодексінде көрсетілген жүктерді тасымалдауға аса назар аударып, арту-түсіру операцияларын жүргізу
Танкерлерді және танкерлерде жүргізілетін операциялар жалпылай білу
Жүктемеге, рейс кезіндегі күтімге және жүктерді түсіруге қатысты, кемеде қолжетімді деректерді пайдалана білу

Халықаралық теңіз құқығының нормалары (МК ҚЖТТ, ҚАЖХТК, МАРПОЛ73/78,)
Жүк пен жүк операцияларының отырғызылуға және орнықтылыққа әсері.
Ақтара тиеу кемелерінің пайдалану және конструкциялық шектеулері

З 2.2 Жүкке арналған орынжайлардың, люктік жабындылардың және балласттық танктердің анықталған ақаулары мен бұзылуларын бағалау және тиісті шараларды қабылдау

Стандарттық ақтара тиеу кемелерінің аса маңызды конструктивтік элементтерінің беріктігі тұрғысынан шектеулер туралы ақпарат

Жүкке арналған орынжайлардың, люктік жабындылардың және балласттық танктердің ақаулары мен бұзылулары

Коррозияның, металл қажуының және жүкті дұрыс өңдемеудің тиеу кемелеріне зиянды әсерлерін қалай болдырмауға болатындығын түсіндіре білу.

Стандарттық тиеу кемелерінің аса маңызды конструктивтік элементтерінің беріктігі тұрғысынан алғандағы шектеулер

З 2.3 Қауіпті жүктерді тасымалдау

Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша халықаралық ережелер, талаптар, кодекстер және ұсыныстар

Қауіпті және зиянды жүктер

Қауіпті және зиянды жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру; арту және түсіру кезіндегі сақтық шаралары және рейс кезінде жүктерді қарау

Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша ұсыныстарға қатысты Халықаралық ережелер, талаптар, кодекстер, Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық кодексін (ҚЖТТХК), ЖОБ кодексін және Қатты ақтарылма жүктер бойынша Халықаралық теңіз кодексін (ҚАЖХТК) қоса алғанда

3 Ф

З 3.1 Кеменің отырғызылуын, оның орнықтылығын және корпусындағы қуатты бақылау

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпарат.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету).
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

Кеменің отырғызылуы оның орнықтылығы және корпусындағы қуаты

Кеме құрылысының негізгі принциптерін, теорияларын және отырғызылу мен орнықтылыққа әсер ететін факторларды, сондай-ақ қауіпсіз отырғызылу мен орнықтылықты қамтамасыз етуге қажетті шараларды түсіну

Орнықтылық және суға батпайтындық туралы ақпаратты білу.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды білу (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету).
Дайындаушы зауыттың кемеге берген техникалық құжаттамасы

З 3.2 Заңнама талаптарының орындалуын және теңізде адам өмірін қорғауды және теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралардың орындалуын қадағалау және бақылау

Халықаралық теңіз құқығының нормалары (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

Кеме

Халықаралық теңіз құқығы нормаларының орындалуын қадағалау және бақылау (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

Халықаралық теңіз құқығы нормаларын білу (МК СОЛАС-74, МК МАРПОЛ 73/78 және басқалары)

З 3.3 Кеменің экипаж мүшелері мен жолаушыларының, құтқару құралдары мен құрылғыларының пайдалану жағдайының, өртке қарсы жүйенің және қауіпсіздіктің басқа жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Халықаралық теңіз құқығының нормалары (МК СОЛАС-74)

Кеме

Өртпен күрес және кемені тастап кету бойынша оқуларды ұйымдастыру.
Құтқару құралдары мен құрылғыларын, өртке қарсы жүйені және қауіпсіздіктің басқа жүйелерін пайдалану жағдайында ұстау.
Апат болған жағдайда, кемедегі барлық адамды қорғау және сақтау үшін жасауға қажетті әрекеттер.
Бұзылу салдарын оқшаулау бойынша әрекеттер және кемені өрттен, соқтығудан немесе қайырға тұрып қалудан кейін сақтау әрекеттері

Халықаралық теңіз құқығы нормаларын білу (МК СОЛАС-74)

З 3.4 КӨКН сәйкес, апаттық жағдайларда жоспарларды және кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша схемаларды әзірлеу

КӨКН, өміршеңдік үшін күрес құралдары өрттің алдын алудың, айқындаудың және сөндірудің әдістері мен құралдары

Апаттық жағдайлардағы әрекеттер жоспары және кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша схемалардың жоспары, апаттық жағдайлардағы әрекеттер

Апат болған жағдайда әрекеттер қабылдау үшін, төтенше жағдайларда әрекеттер жоспарын әзірлеу

Кеме конструкциясы, өміршеңдік үшін күрес құралдарын қоса есептегенде
Өрттің алдын алу, анықтау және сөндіру әдістері мен құралдары

З 3.5 Кемеде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және оның нұсқауы

Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқау. Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) медициналық бөлімі.
Қайғылы жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулар

Кемеде медициналық көмек көрсету

Келесі құралдарның мазмұнын практика жүзінде, тиісті түрде пайдалана білу:
Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқауды немесе Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқау талаптарына сәйкес кемеде медициналық көмек көрсету бойынша кеме экипажының әрекеттерін басқара және ұйымдастыра Білу, Істей білу. Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) Медициналық тарауын және Қайғылы оқиға кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқауды

Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқау немесе Кемелерге арналған Халықаралық медициналық нұсқауды білу. Халықаралық сигналдар жинағының (ХСЖ-65) Медициналық тарауын білу.
Қайғылы оқиға кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқау

      Ескертпе:
      СОЛАС -74 ХК – Адам өмірін теңізде қорғау бойынша халықаралық конвенция СОЛАС – 74;
      ХМҚА - Халықаралық маяктық қызметтер ассоциациясы;
      ХДЖ - 65 – Халықаралық дабылдар жинағы;
      КСАХЕ - 72 - Теңізде Кемелердің Соқтығысуын Алдын алудың Халықаралық Ережелері;
      МАРПОЛ 73/78 ХК – Кемелердің ластануын алдын алу бойынша халықаралық конвенция;
      ҚР ТККҚЖ - Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы;
      КӨКН – Кемелердің өміршеңдігі үшін күрес бойынша нұсқау.

«Теңіз кемесінің капитаны» 
кәсіби стандартына     
5-қосымша         

Келісу парағы

Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне № _________________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады