"Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 941 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8998 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                А. Жұмағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      міндетін атқарушы
      _____________ Қ. Әбсаттаров
      2013 жылғы 4 қараша

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 26 қарашадағы    
№ 941 бұйрығымен       
бекітілген           

«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу» кәсіби стандарты

1. Жалпы бөлім

      1. «Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
      1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
      2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
      2. КС негізгі пайдаланушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
      3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
      3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
      4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
      9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
      11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
      12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
      13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
      14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. КС паспорты мынаны анықтайды:
      1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «52.21 Құрлық көлігі саласындағы қызметтер»;
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі басшылары, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БА);
      2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
      поездар қозғалысын ұйымдастыру;
      3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1-параграф «Вагон депосы диспетчері, вагон депосының аға
диспетчері»

      6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады::
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5; СБШ бойынша – 4-5;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон қабылдаушы, аға вагон қабылдаушы;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - моторвагонды жылжымалы құрамды ағымдық жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне уақытылы қойылуына жағдай жасау;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Вагон депосы диспетчері, вагон депосының аға диспетчерінің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.

2-параграф «Вагон депосы операторы»

      6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4133 «Көлікте есеп жүргізумен айналысатын қызметкерлер»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон депосы операторы;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жөндеу жұмыстары түрлері бойынша және вагон депосындағы вагон типтері бойынша жарамсыз вагондардың бар болу есебін жүргізу;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.

3-параграф «Вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға)
операторы»

      6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға) операторы;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк вагондарына станцияның мамандандырылған жолдарында техникалық қызмет көрсету процесін жағдай жасауды, сонымен қатар жылжымалы құрамды деподағы автоматты және толассыз жолда жөндеу жұмыстарын басқару;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.

4. КС бірліктерінің тізімі

      10. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы

      11. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

      12. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
      13. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

      14. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
      15. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу»
кәсіби стандартына           
1-қосымша                

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің)
түрлері


р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша разряды

1

Моторвагонды жылжымалы құрамды ағымдық жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне уақытылы қойылуын қамтамасыз ету

Вагон депосы диспечері. Вагон депосының аға диспечері

Вагон депосы диспечері

4-5

-

2

Жөндеу жұмыстары түрлері бойынша және вагон депосындағы вагон типтері бойынша жарамсыз вагондардың бар болу есебін жүргізу

Вагон депосы операторы

Вагон депосы операторы

4

-

3

Жүк вагондарына станцияның мамандандырылған жолдарында техникалық қызмет көрсету процесін жүзеге асыру, сонымен қатар жылжымалы құрамды деподағы автоматты және толассыз жолда жөндеу жұмыстарын басқару

Вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға) операторы

Вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға) операторы

4

-

Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген.

«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу»
кәсіби стандартына           
2-қосымша                

1-кесте

1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы
диспетчері, вагон депосының аға диспетчерінің еңбек
жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігінің ұйымдары, вагон депосы

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім

Кемінде 3 жыл

5

Жоғары кәсіптік техникалық білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

2-кесте

2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы
операторының еңбек жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар

Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігінің ұйымдары, вагон депосы

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім

Кемінде 2 жыл

Жоғары білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

3-кесте

3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагондарға қызмет
көрсету және жөндеу (аға) операторының еңбек жағдайына, білімі
және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігінің ұйымдары, вагон депосы

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша
Жұмысқа рұқсат: медициналық тексерістен кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім

Кемінде 2 жыл.

Жоғары кәсіптік техникалық білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу»
кәсіби стандартына           
3-қосымша                

КС бірліктерінің тізімі

1-кесте

1. «Вагон депосы диспетчері, вагон депосының аға диспетчерінің»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Жылжымалы құрамды күнтізбелі жоспар және ауысымдық-тәуліктік кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын оперативті басқару

2 Ф

Жөндеу бөлімшелерінің қажет материалдармен, құрылымдар, толымдаушы өнімдер, жабдықтар, сондай-ақ көлік тиеу-түсіру құралдарымен жабдықталуын бақылау

3 Ф

Өндірісті оперативті басқарудың техникалық құралдарын енгізу және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

2-кесте

2. «Вагон депосы операторының» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

АЖО дұрыстығын тексеру, барлық үзілістердегі түгендеулі поездар туралы ақпараттардың бар болуы

2 Ф

поездарды орталықтандырылған қоршау процесін жүргізу және техникалық қызмет көрсету бекеттерінде автоматты дистанциялық бақылау қондырғысы көмегімен автоматикалық тежегіштерді сыннан өткізу

3 Ф

Құрамдарды жөндеу барысын бақылау, жөнелту кестесінен поездардың ауытқуын ескерту бойынша шаралар қабылдау

3-кесте

3. «Вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға) операторының»
еңбек қызметі (кәсіп) түрлері

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Станцияның мамандандырылған жолдарындағы жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету процесін жүргізу

2 Ф

Түскен, жөнделген және қайта ағытылған вагондарды тіркеу жүргізу

      Ескертпе: Ф – функция.

«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу»
кәсіби стандартына           
4-қосымша                

КС бірліктерінің сипаттамасы

1-кесте

1. СБШ 4-деңгейіндегі «Вагон депосы диспетчерінің» еңбек
қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Жылжымалы құрам

Күнтізбелік жоспар және ауысымдық-тәуліктік кесте

1-1М Жылжымалы құрамды күнтізбелі жоспар және ауысымдық-тәуліктік кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын оперативті басқару

Жылжымалы құрамды жөндеуді тиімді басқару тапсырмаларын нақтылау және міндеттер қою, білім мен машық жеткіліксіздігін анықтау, күнтізбелік жоспарға сәйкес жөндеу нәтижелерін бағалау, қызметкерлер біліктілігін арттыру уәждемесі

Теміржолды техникалық пайдалану амалдары мен принциптері, өндірісті өндірістік жоспарлау және оперативтік басқаруға қатысты нормативтік құжаттар, вагондарды жөндеуге қою кестесі туралы білім

1-2 М Жылжымалы құрамның ағымдық жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне уақытылы қойылуын қамтамасыз ету

Жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне уақытылы қоюды өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы. Жөндеу жұмыстарын жүргізуші жұмысшылар қызметі нәтижесін бағалау

Теміржолды техникалық пайдалану амалдары мен принциптері туралы білім

2 Ф

Материалдар, құрылым, жабдықтар, жылжымалы құрам

Тиеу-түсіру құралдары

2-1 М Жөндеу бөлімшелерінің қажет материалдармен, құрылымдар, толымдаушы өнімдер, жабдықтар, сондай-ақ көлік тиеу-түсіру құралдарымен жабдықталуын бақылау

Жөндеу бөлімшелерінің қажет материалдармен, құрылымдар, толымдаушы өнімдермен жабдықталуын өзіндік анықтау өзіндік нормалау дағдысы, оларды жүзеге асыру бойынша шешім қабылдау және жағдай жасау

Теміржолды техникалық пайдалану амалдары мен принциптері туралы білім

2-2 М Жылжымалы құрамды жөндеу барысын оперативті бақылауды жүзеге асыру, өндірістік қуаттың максималды пайдаланылуын және тартымдық жылжымалы құрамның жөндеуден уақытылы берілуін қамтамасыз ету

Жылжымалы құрамды жөндеу барысын оперативті бақылауды өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы. Жылжымалы құрамды беру кезінде мәселелерді нақтылау және қою. Өндірістік қуатты пайдалану бағалау

Өндірісті өндірістік жоспарлау және оперативтік басқаруға қатысты нормативтік құжаттар амалдары мен принциптері туралы білім

2-3 М Ауысымдық-тәуліктік кестенің бұзылуын ескерту және жою, вагондарды жөндеуге қою

Ауысымдық-тәуліктік кестенің бұзылуын ескерту және жою шараларын қабылдау жұмысын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы, вагондарды жөндеуге қою жағдайын талдау

Вагондарды жөндеу амалдары, құрылым принциптері, технологиялары, экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру және төлеу, ҚР еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі туралы білім

3 Ф

Жылжымалы құрам

Тіркеу және есептеу құжаттары

3-1 М Өндірісті оперативті басқарудың техникалық құралдарын енгізу және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

Өндірісті оперативті басқарудың техникалық құралдарын тиімді пайдалануға жағдай жасау

Вагонның жөндеу мен жөндеуде тұру орындары арасындағы қашықтық нормасы амалдары мен принциптері, вагонды жөндеуге қою кестесі туралы білім

3-2 М Бекітілген үлгіде есеп жүргізу

Есеп жүргізу және тіркеу жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс туралы білім

2-кесте

2. СБШ 5-деңгейіндегі «Вагон депосының аға диспетчерінің» еңбек
қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Жылжымалы құрам

Күнтізбелік жоспар және ауысымдық-тәуліктік кесте

1-1М Жылжымалы құрамды күнтізбелі жоспар және ауысымдық-тәуліктік кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын оперативті басқару

Жылжымалы құрамды жөндеуді тиімді басқару жұмыстарын бақылау және түзету. Күнтізбелік жоспарға сәйкес жөндеу нәтижелерін бағалау, Білім мен машық жеткіліксіздігін анықтау шешімдерін талдау және қабылдау дағдысы, қызметкерлер біліктілігін арттыру уәждемесі дағдысы

Теміржолды техникалық пайдалану, өндірісті өндірістік жоспарлау және оперативтік басқаруға қатысты нормативтік құжаттар, вагондарды жөндеуге қою кестесі туралы білім

1-2 М Жылжымалы құрамның ағымдық жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне уақытылы қойылуын қамтамасыз ету

Жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне уақытылы қою жұмысын талдау және шешім қабылдау. Жөндеу жұмыстарын жүргізуші жұмысшылар қызметі нәтижесін бақылау және түзету

Теміржолды техникалық пайдалану туралы білім

2 Ф

Материалдар, құрылым, жабдықтар, жылжымалы құрам

Тиеу-түсіру құралдары

2-1 М Жөндеу бөлімшелерінің қажет материалдармен, құрылымдар, толымдаушы өнімдер, жабдықтар, сондай-ақ көлік тиеу-түсіру құралдарымен жабдықталуын бақылау

Жөндеу бөлімшелерінің қажет материалдармен, құрылымдар, толымдаушы өнімдермен жабдықталу жұмысын талдау және шешімін қабылдау дағдысы, оларды жүзеге асыру бойынша шешім қабылдау және жағдай жасау

Жүйелік талдау және кәсіптік жобалау әдістемесі, теміржолды техникалық пайдаланудың басқармалық шешімі туралы білім

2-2 М Жылжымалы құрамды жөндеу барысын оперативті бақылауды жүзеге асыру, өндірістік қуаттың максималды пайдаланылуын және тартымдық жылжымалы құрамның жөндеуден уақытылы берілуін қамтамасыз ету

Жылжымалы құрамды жөндеу барысын оперативті бақылауды талдау, өзіндік талдау дағдысы. Жылжымалы құрамды жөндеуден беру жұмыстарын бақылау және түзету. Өндірістік қуатты пайдалану бағалау

Өндірісті өндірістік жоспарлау және оперативтік басқаруға қатысты нормативтік құжаттар туралы білім

2-3 М Ауысымдық-тәуліктік кестенің бұзылуын ескерту және жою, вагондарды жөндеуге қою

Ауысымдық-тәуліктік кестенің бұзылуын ескерту және жою жұмыстары шешімін қабылдау, вагондарды жөндеуге қою жағдайын талдау дағдысы

Вагондарды жөндеу құрылымы, технологиясы және, экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру және төлеу, ҚР еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі туралы білім

3 Ф

Жылжымалы құрам

Тіркеу және есептеу құжаттары

3-1 М Өндірісті оперативті басқарудың техникалық құралдарын енгізу және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

Өндірісті оперативті басқарудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану шешімдерін талдау және қабылдау дағдысы

Кәсіптік жағдайларды жүйелік талдау және жобалау, вагонның жөндеу мен жөндеуде тұру орындары арасындағы қашықтық нормасын орындау, вагонды жөндеуге қою кестесі бойынша басқармалық шешімдер қабылдау әдістері туралы білім

3-2 М Бекітілген үлгіде есеп жүргізу

Есеп жүргізу және тіркеу жұмыстарын талдау және өзіндік талдау дағдысы

Кәсіптік жағдайларды жүйелік талдау мен жобалау әдістемесі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысқа қатысты басқармалық шешімдерді қабылдау әдістері туралы білім

3-кесте

3. СБШ 4-деңгейіндегі «Вагон депосы операторының» еңбек
қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Жылжымалы құрам, вагондар

АЖО

1-1 М АЖО дұрыстығын тексеру, барлық үзілістердегі түгендеулі поездар туралы ақпараттардың бар болуы және олардың толтырылу дұрыстығын тексеру

АЖО дұрыстығын тексеру, барлық үзілістердегі түгендеулі поездар туралы ақпараттардың бар болуы тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау

Депо мен жарамсыз вагондарды жөндеуде дөңгелектер жұбының бар болуын тіркеу тәртібі амалдары, принциптері мен әдістері туралы білім

1-2 М поездарды қабылдау және жөнелту кестесіне сәйкес вагон тежегіштерін тексеру, жөндеу және сынау жұмыстары бойынша техникалық қызмет көрсету бекеттері арасындағы байланысты тексеру

Вагон тежегіштерін тексеру, жөндеу және сынау жұмыстары бойынша техникалық қызмет көрсету бекеттері арасындағы байланыс тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау

Вагон тежегіштерін тексеру, жөндеу және сынау амалдары, принциптері мен әдістері туралы білім

2 Ф

Вагондар, вагон паркі

Орталықтандырылған басқару құрылғысы, автоматты дистанциялық бақылау қондырғысы, ҚБАҚ электронды құрылғысы

2-1 М Вагонның автоматикалық тежегіштерін орталықтандырылған басқару құрылғысымен сынақ жүргізу

Вагонның автоматикалық тежегіштерін орталықтандырылған басқару құрылғысымен сынақ жүргізу жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы

Вагонның автоматикалық тежегіштерін орталықтандырылған басқару құрылғысы, ауа бөлу және электрлі ауа бөлу жұмыста кезінде қолданылатын машинист краны мен бақылау-өлшеу құралдары, техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі автоматикалық тежегіштерді тексеру және сынауға арналған техникалық құралдардың орналасу кестесі туралы білім

2-2 М Поездарды орталықтандырылған қоршау процесін жүргізу және техникалық қызмет көрсету бекеттерінде автоматты дистанциялық бақылау қондырғысы көмегімен автоматикалық тежегіштерді сыннан өткізу

Поездарды орталықтандырылған қоршау процесін жүргізу және техникалық қызмет көрсету бекеттерінде автоматикалық тежегіштерді сыннан өткізу жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы. автоматты дистанциялық бақылауды қондыру тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау

Электрондық құрылғылар, автотежегіштерді сынау поездарды орталықтандырылған қоршау құрылғысы, вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеттерінде мамандандырылған қабылдау-жөнелту жолдарының орналасу кестесі амалдары, принциптері туралы білім

2-3 М Поезд жүрісі кезінде жолаушылар және жүк вагондарын электрондық құрылғы көмегімен букс қызуы деңгейін анықтау

Жүрісте жылжымалы құрамды диагностикалау аспабы көмегімен букс қызуы деңгейі тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау

Құрылғы амалдары, принциптері, электрондық құрылғыны жөндеу, автотежегіштерді сынау, вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеттерінде мамандандырылған қабылдау-жөнелту жолдарының орналасу кестесі туралы білім

3 Ф

Вагондар, вагон паркі

ВУ-23М үлгісі

3-1 М Құрамдарды жөндеу барысын бақылау, жөнелту кестесінен поездардың ауытқуын ескерту бойынша шаралар қабылдау

Құрамдарды жөндеу барысын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау. Жөнелту кестесінен поездардың ауытқуын ескерту бойынша шаралар қабылдау жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы

Еңбекті ұйымдастыру амалдары, принциптері, әдістері, ҚҰ еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы туралы білім

3-2 М Тексеруші-жөндеушілермен берілетін мәлімдеме бойынша ВУ-23М үлгісіндегі хабарламаны дайындау, станция жұмысшыларына вагондарды ағыту туралы мәлімдеу

Тексеруші-жөндеушілермен берілетін мәлімдеме бойынша ВУ-23М үлгісіндегі хабарламаны дайындау, станция жұмысшыларына вагондарды ағыту туралы мәлімдеу жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы

Еңбекті ұйымдастыру амалдары, принциптері, әдістері, ҚҰ еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы туралы білім

4-кесте

4. СБШ 4-деңгейіндегі «Вагондарға қызмет көрсету және жөндеу
(аға) операторының» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Поезд, жолаушылар және жүк вагоны, кыздырылған букс, дөңгелектер жұбы

Автоматика құрылғысы және вагон жөндеу машинасы

1-1 М Станцияның мамандандырылған жолдарындағы жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету процесін жүргізу, сондай-ақ деподағы автоматикалық және ағынды жолдардағы жылжымалы құрамды жөндеуді басқару. Қызмет көрсетілетін жолдың жұмыс режимін реттеу және жүктеу

Станцияның мамандандырылған жолдарындағы жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету процесін жүргізу, сондай-ақ деподағы автоматикалық және ағынды жолдардағы жылжымалы құрамды жөндеуді басқару тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау

Қосалқы жабдықтың автоматикалық желілері амалдары, құрылғы принциптері, пайдалану, жабдықтың кинематикалық сызбасы мен автоматикалық желі механизмдерінің әрекеттестігі, бақылау-өлшеу құрал-жабдықтары, сигнал жүйесі мен қызмет көрсету желісін блокадалау туралы білім

1-2 М Автоматикалық желідегі ақауларға қызмет көрсету және жою. Қыздырылған букс, жарамсыз дөңгелектер жұбын, вагонның солпы бөлшектері ақауларын анықтау бойынша жабдықтарға қызмет көрсету

Автоматикалық желідегі ақауларға қызмет көрсету және жою тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау


1-3 М Механизмдерді жөндеуге қатысу. Вагондарды автоматика құрылғысы мен вагон жөндеу машинасын қолдану арқылы жөндеудің өндірістік операцияларына қатысу

Вагондарды автоматика құрылғысы мен вагон жөндеу машинасын қолдану арқылы жөндеудің өндірістік операцияларына қатысу тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау

Вагон амалдары, құрылғы принциптері, пайдалану, автоматикалық желідегі вагон жөндеудің технологиялық процесі, механика мен электротехника негіздері туралы білім

2 Ф

Вагондар

Есеп және тіркеу құжаттары

2-1 М Жөндеуге түскен вагондарды тіркеу. ВО-1 и ВО-2 үлгісіндегі есептерді жүргізу

ВО-1 и ВО-2 үлгісіндегі есептерді жүргізу тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау. Жөндеуге түскен вагондарды тіркеу жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы

Вагон амалдары, құрылғы принциптері, пайдалану, вагонның техникалық ақауларын тіркеу, сигнал жүйесі туралы білім

2-2 М Тиелген және бос вагондар ақауларын жөндеуді тіркеу

Тиелген және бос вагондар ақауларын жөндеу тапсырмаларын нақтылау, мәселелерін қою және нәтижесін бағалау

2-3 М Жөндеуге қайта ағытылған вагондарды бекітілген үлгіде тіркеуді жүргізу

Жөндеуге қайта ағытылған вагондарды бекітілген үлгіде тіркеуді жүргізу жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы

Вагон амалдары, құрылғы принциптері, пайдалану, вагонның техникалық ақауларын тіркеу, техникалық пайдалану, сигнал жүйесі туралы білім

      Ескертпе: М – мақсат; ЖАО- жұмысшылардың автоматтандырылған орны; ВУ-23М – вагондарды жөндеу ескерту нысаны; ВО-1 и ВО-2 - Вагон жөнжеуінің есептеменің нысанасы.

«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу»
кәсіби стандартына           
5-қосымша                

Келісу парағы

Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


Осы КС ________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне № _______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________                    Күні _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады