Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік коммиссиясы туралы Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9097 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 89 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.12.2014 № 89 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінің 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тәртіптік комиссиясы туралы Ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Қ.А. Жапақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                А. Байменов

Қазақстан Республикасының   
Мемлекеттік қызмет iстерi   
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы  
№ 06-7/189 бұйрығымен бекітілді

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның
тәртiптiк комиссиясы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тәртiптiк комиссиясы туралы Ережесі (бұдан әрі – уәкілетті органның комиссиясы) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес әзірленді.
      2. Уәкiлеттi органның комиссиясы - мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органда (бұдан әрi - Агенттік) тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) бұзуға жол берген В-1, С-1, С-2 санаттарындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстерді қарау үшiн құрылатын тұрақты алқалы орган.
      3. Уәкiлеттi органның комиссиясы өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Уәкiлеттi органның комиссиясының негізгі функциялары

      4. Уәкiлеттi органның комиссиясының негізгі функцияларымен:
      1) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметшілерді тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөніндегі мемлекеттiк орталық органдарының басшылары атына ұсыныстар әзiрлеу және тәртіптік істерді қарастыру;
      2) мемлекет Басшысына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтi жетілдiру мәселелері жөніндeгі ұсыныстарды енгiзу;
      3) мемлекеттiк тәртіпті нығайту, мемлекеттiк органдардын лауазымды тұлғаларымен мемлекеттiк қызмет туралы заңнама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманың талаптарын сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде нұсқаулар мен ұсыныстар әзiрлеу;
      4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерді қарастыру жөніндегі мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияның жұмысын үйлестіру болып табылады.
      5. Уәкiлеттi органның комиссиясы функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
      1) өзiнің мәжiлiстерiнде мемлекеттiк орталық органдардың, олардың ведомстволарының басшыларын тыңдайды;
      2) құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан құжаттарды сұратады;
      3) орталық мемлекеттік органдарына (Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен басқа) өздерінің лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтiк тексерiстер жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзеді;
      4) мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияның жұмысын үйлестіреді;
      5) уәкiлеттi органның комиссиясына жүктелген функцияларын іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдайды.

3. Уәкiлеттi органның комиссиясының жұмысын ұйымдастыру

      6. Уәкiлеттi органның комиссиясының дербес құрамы Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және 5-тен кем емес мүшеден тұрады.
      Уәкiлеттi органның комиссиясының құрамына орталық мемлекеттік органдарының басшылары (орынбасарлары), соның ішінде, құқық қорғау органдарының мүшелері, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа лауазымды тұлғалары кіреді.
      7. Уәкiлеттi органның комиссиясының Төрағасы Агенттік Төрағасының орынбасары болып табылады, ол:
      1) уәкiлеттi органның комиссиясын басқарады, оның жұмысын басшылыққа алуын іске асырады және ұйымдастырады;
      2) уәкiлеттi органның комиссиясы мәжілісінің күн тәртібін анықтайды;
      3) уәкiлеттi органның комиссиясының мәжілісін шақыртады және онда төрағалық етеді;
      4) уәкiлеттi органның комиссиясы мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндаушыны анықтайды;
      5) уәкiлеттi органның комиссиясының жабық мәжілісін өткізу туралы шешімі бекітеді.
      Уәкiлеттi органның комиссиясының Төрағасы жоқ болған кезде, оның уәкілдігі бойынша мәжілістерде уәкiлеттi органның комиссиясы Төрағаның орынбасары төрағалық етеді.
      8. Уәкiлеттi органның комиссиясының жұмыс органы Агенттіктің Инспекция және бақылау бөлімі болып табылады.
      9. Уәкiлеттi органның комиссиясының хатшысы Агенттіктің Инспекция және бақылау бөлімінің қызметкері болып табылады.
      Уәкiлеттi органның комиссияның хатшысы:
      1) уәкiлеттi органның комиссияның отырыс хаттамасын жүргiзедi;
      2) уәкiлеттi органның комиссияның шешiмiн тиiстi мемлекеттiк органға жолдайды;
      3) уәкiлеттi органның комиссияның іс жүргізуін қамтамасыз етеді.
      10. Уәкiлеттi органның комиссияның Төрағаның қолымен қойылатын уәкiлеттi органның комиссияның шешімі хаттамамен ресімденеді және оның қабылданған күнінен бес күн мерзімінде тиісті мемлекеттік органдарға таратылады.
      11. Уәкiлеттi органның комиссиясының мүшелері уәкiлеттi органның комиссиясының жұмыс органымен мәжіліске үш күн мерзіміне дейін мәжілістің жүргізу орны, күні, оның күн тәртібі туралы хабарлану және таныстыру керек.
      12. Уәкiлеттi органның комиссиясының мәжілісі:
      1) уәкiлеттi органның комиссиясы мүшелерінің жалпы санының үштен екiсi қатысып отырса заңды деп саналады;
      2) қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi;
      3) ашық өткiзiледi, қажет болған жағдайда жабық мәжілiстер өткiзiлуi мүмкiн.
      13. Уәкiлеттi органның комиссиясының шешiмдердi мәжiлiске қатысушы уәкiлеттi органның комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешушi дауыс болып табылады.
      14. Тәртiптiк iстi қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi органның комиссиясы мынадай шешiмдердің бiрiн шығаруы мүмкiн:
      1) тәртіптік жазаны қолданудың және оның түрi туралы ұсынысты тиісті мемлекеттiк органның басшысына жолдау туралы;
      2) осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген жағдайларда тәртiптiк iстi тоқтату туралы;
      3) мемлекеттiк қызметшiнің iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi болған жағдайда уәкiлеттi органның комиссиясы құжаттар мен материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына жолдау туралы.
      15. Келесі жағдайларда:
      1) мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен қарастырылған тәртiптiк жаза қолданудың мерзiмдерi өткенде;
      2) тәртiптiк iс негiзсiз қозғалғанда;
      3) тәртiптiк терiс қылық құрамы болмағанда тәртiптiк iс тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады