Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік коммиссиясы туралы Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 ақпанда № 10180 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 87 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 26.04.2016 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінің 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік коммиссиясы туралы Ережесі бекітілсін.
      2. «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік коммиссиясы туралы Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/189 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9097 тіркелген, 2014 жылғы 8-ақпандағы № 27 (28251) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Қожамжаров

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік қызмет iстерi 
және сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл жөніндегі 
агенттігі Төрағасының    
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 89 бұйрығымен бекітілді 

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның
Тәртiптiк комиссиясы туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның Тәртiптiк комиссиясы туралы Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Қағидалар).
      2. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның Тәртiптiк комиссиясы  (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (бұдан әрi - Агенттік) тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) бұзуға жол берген В-1, С-1, С-2 санаттарындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстерді қарау үшiн құрылатын тұрақты алқалы орган.
      3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі функциялары

      4. Комиссияның негізгі функцияларымен:
      1) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметшілерді (бұдан әрі - қызметші) тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөніндегі мемлекеттiк орталық органдарының басшылары атына ұсыныстар әзiрлеу және тәртіптік істерді қарастыру;
      2) мемлекеттiк тәртіпті нығайту, мемлекеттiк органдардын мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттiк қызмет туралы заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманың талаптарын сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде нұсқаулар мен ұсыныстар әзiрлеу;
      3) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерді қарастыру жөніндегі мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияның жұмысын үйлестіру болып табылады.
      5. Комиссия функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
      1) өзiнің мәжiлiстерiнде мемлекеттiк орталық органдардың, олардың ведомстволарының басшыларын тыңдайды;
      2) құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан құжаттарды және ақпаратты сұратады;
      3) орталық мемлекеттік органдарына (Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен басқа) қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманың және Ар-намыс кодекстің талаптарын бұзу фактілері бойынша Қағидалардың талаптарына сәйкес тексеру немесе қызметтiк тексерiстер жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзеді.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның жеке құрамы Агенттiктің Төрағасымен бекiтiледi және Комиссияның дербес құрамы Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және 5-тен кем емес мүшеден тұрады.
      Комиссияның құрамына орталық мемлекеттік органдарының басшылары (орынбасарлары), соның ішінде, құқық қорғау органдарының мүшелері, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
      7. Комиссияның Төрағасы Агенттік Төрағасының орынбасары болып табылады, ол:
      1) Комиссияны басқарады, оның жұмысын басшылыққа алуын іске асырады және ұйымдастырады;
      2) Комиссия мәжілісінің күн тәртібін анықтайды;
      3) Комиссия мәжілісін шақыртады және онда төрағалық етеді;
      4) Комиссия мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндаушыны анықтайды;
      5) Комиссияның құзыреті шегінде тәртіптік іс қозғайды;
      6) Комиссияның жабық мәжілісін өткізу туралы шешім бекітеді.
      Комиссияның Төрағасы жоқ болған кезде, оның уәкілдігі бойынша мәжілістерде Комиссия Төрағаның орынбасары төрағалық етеді.
      8. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген қызметшiлер Комиссиямен қабылдаған шешiммен келiспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым беруге құқылы.
      9. Комиссияның жұмыс органы Агенттіктің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе мен мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) болып табылады.
      10. Комиссияның хатшысы Агенттік Басқармасының қызметкері болып табылады.
      Комиссияның хатшысы:
      1) Комиссияның отырыс хаттамасын жүргiзедi;
      2) Комиссияның шешiмiн тиiстi мемлекеттiк органға жолдайды;
      3) Комиссияның іс жүргізуін қамтамасыз етеді.
      11. Комиссия Төрағасының қолымен қойылатын Комиссияның шешімі хаттамамен ресімденеді және оның қабылданған күнінен бес күн мерзімінде тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға таратылады.
      12. Комиссияның мүшелерін Комиссияның жұмыс органы мәжіліске үш күн мерзіміне дейін мәжілістің жүргізу орны, күні, оның күн тәртібі туралы хабарланады және таныстырылады.
      13. Комиссияның мәжілісі:
      1) Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екiсi қатысып отырса заңды деп саналады;
      2) қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi;
      3) қажет болған жағдайда, егер мәселелерді қарастыру мемлекеттік құпияны қозғайтын болса, онда Комиссия төрағасының шешімімен жабық отырыстар өткізіледі.
      14. Комиссияның шешiмдерiн мәжiлiске қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешушi дауыс болып табылады.
      15. Қызметшiнiң терiс қылық жасауы туралы мәлiметтер: жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдардың материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлiмше басшыларының қызметтiк жазбахаттары және өзге де материалдар болып табылады.
      16. Қозғалған тәртiптiк iс үш апта ішінде қаралады.
      Тәртіптік іс қызметшiнiң уақытша еңбекке жарамсыздығы, оның демалыста немесе iссапарда болу кезеңiнде тоқтатыла тұрады.
      17. Тәртіптік іс Комиссияның отырысында қаралғанға дейін оның хатшылығы тексеру немесе қызметтік тексеру жүргізеді, оның барысында iске қатысы бар мән-жайлар мен мәлiметтер зерделенедi, тәртiптiк жауаптылыққа тартылатын адамдардан жазбаша түсiнiктемелер талап етiледi.
      18. Қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары фактілері бойынша қызметтiк тексерулер мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы Қағидаларда белгiленген мерзiмде және тәртiппен уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүргiзедi.
      19. Хатшылық тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылатын адамдарды Комиссия отырысының орны мен өткiзiлетiн уақыты туралы хабарландыру жөнiнде шаралар қабылдайды.
      Тәртiптiк Кеңестің отырысында тәртiптiк iс, егер тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылатын адамдар отырыс өткiзілгенге дейiн үш күн бұрын тиісінше хабарландырылса, олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
      Осы Ережеде тиісінше хабарлау деп оның тікелей өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолы қойылып, хатпен, тапсырыстық хатпен немесе жеделхатпен табыс етілген хабарлама танылады.
      20. Тәртiптiк iстi қарау қорытындылары бойынша Комиссия мынадай шешiмдердің бiрiн шығарады:
      1) тәртіптік жазаны қолданудың және оның түрi туралы ұсынысты тиісті мемлекеттiк органның басшысына жолдау туралы;
      2) осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген жағдайларда тәртiптiк iстi тоқтату туралы;
      3) мемлекеттiк қызметшiнің iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар болған жағдайда құжаттар мен материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына немесе басқа уәкiлеттi органына жолдау туралы.
      21. Келесі жағдайларда тәртiптiк iс тоқтатылады:
      1) мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен қарастырылған тәртiптiк жаза қолданудың мерзiмдерi өткенде;
      2) тәртiптiк iс негiзсiз қозғалғанда;
      3) тәртiптiк терiс қылық құрамы болмағанда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады