Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/550 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 3957 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/172 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 02.04.2020 № а-4/172 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 18.11.2014 № А-10/545 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/668 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3632 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2013 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы";

      2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы келісілсін.";

      2-қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы".

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облысының әкімі

Қ.Айтмұхаметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады