"Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы № С 39-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 4351 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 06.04.2018 № С 20-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6–бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 "Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3805 тіркелген және 2013 жылғы 20 қыркүйекте аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины КZ" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      9 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Әлеуметтік көмек келесілерге көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

      Қарт адамдар күніне:

      ең төменгі зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға;

      Мүгедектер күніне:

      барлық санаттағы мүгедектерге.

      2) біржолғы көмек өмірлік қиын жағдайда отбасыларға (азаматтарға) болған оқиғадан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш берген отбасыларға:

      отбасы (азаматтың) кірісіне қарамастан:

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) зиян келтірілген жағдайда "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен ауыратын және АИТВ – жұқтырғандарға) денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің дәлелдемесі негізінде жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      селолық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде, жылына бір рет оқу құнының жүз (100) пайыз мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне растайтын құжаттарды ұсыну барысында тістерді протездеуге;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына растау құжаттарының негізінде үш жылда бір рет санаторлық–курорттық жолдама құнының 50 (елу) пайызы өтеледі;

      коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 100 пайыз мөлшерінде:

      сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін, телефон байланысы қызметтері үшін абоненттік төлемақылары үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына немесе алушылардың шотына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы көмірдің орташаландырылған бағасы бойынша 161 кг мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.

      жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет, комиссия айқындаған мөлшерінде, бірақ он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық емес:

      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге қайтыс болған баланың қайтыс болуы туралы анықтамасының негізінде;

      жедел түрде ем алуына байланысты медициналық мекемеден сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде;

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Денсаулықты сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы негізінде.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Тимошин
      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Қ.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады