"Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 4898 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 06.04.2018 № С 20-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 "Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3805 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйекте аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины КZ" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8 тармақ келесі санатпен толықтырылсын:

      "аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне;";

      9 тармақ келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:

      "жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Ақкөл ауданында бес жыл мерзімінде жұмыспен өтеу есебімен. Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджет есебінен жүргізіледі.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Калашникова
      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Қ.Едігенов

      1 шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады