Жақсы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/143 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда № 3725 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 04-942 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 18.09.2014 № 04-942 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2013 жылғы 15 ақпандағы № 126 қорытындысы негiзiнде Жақсы ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жақсы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Т.Жапаровқа жүктелсiн.
      3. Аудан әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                И.Қабдуғалиев

Жақсы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ А-3/143 қаулысына 
қосымша       

Жақсы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi

№ р/р

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері

1

Орташа кеш жаздық бидай

12 мамырдан 26 мамырға дейiн

27 мамырға дейiн

2

Орташа піскен жаздық бидай

14 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

3

Орташа ертерек жаздық бидай

18 мамырдан 2 маусымға дейiн

3 маусымға дейiн

4

Жаздық арпа, сұлы

6 маусымға дейін

7 маусымға дейiн

5

Асбұршақ

20 мамырдан 27 мамырға дейiн

28 мамырға дейiн

6

Ноқат

10 мамырдан 17 мамырға дейiн

18 мамырға дейiн

7

Майлы зығыр

15 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейiн

8

Күнбағыс май тұқымға

10 мамырдан 20 мамырға дейін

21 мамырға дейін

9

Судан шөбі

17 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейiн

10

Жүгері

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

11

Көп жылдық шөптер (көктемгі егістік)

10 мамырдан 12 мамырға дейін

13 мамырға дейiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады