Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 19.11.2021 № 13-87 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 19-156 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 19-156 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Зеренді ауданының салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің жерлерін аймақтарға бөлу схемасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 04.04.2016 № 2-10 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жер салығының мөлшерлемелері арттырылсын (азайтылсын).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 19-156 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С.Билялова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі | Е.Маржықпаев |
Зеренді ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы |
Д.Нұрахов |
Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12/109 шешіміне 1 қосымша |
Зеренді ауданының салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің жерлерін аймақтарға бөлу СХЕМАСЫ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 15.05.2019 № 37-264 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12/109 шешіміне 2 қосымша |
Зеренді ауданының салық салу мақсаты үшін ауыл шаруашылығына арналған жерлерін аймақтарға бөлу СХЕМАСЫ
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 04.04.2016 № 2-10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Зеренді аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 шешіміне 3 қосымша |
Жер салығы мөлшерлемелерінің арттыру (азайту) пайыздары
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 19-156 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аймақ нөмірлері | Жер салығының мөлшерлемелерінің арттыру (+), азайту (-) пайызы |
I | + 50 |
II | + 50 |
III | + 50 |
IV | + 50 |