Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 "Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 19-156 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 6442 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қарашадағы № 13-87 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 19.11.2021 № 13-87 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3702 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жер салығының мөлшерлемелері арттырылсын (азайтылсын).";

      көрсетілген шешімнің 3 қосымшасында:

      "базалық" сөзі алып тасталсын;

      "ставкаларының", "жоғарылату", "(төмендету)", "төмендету" сөздері "мөлшерлемелерінің", "арттыру", "(азайту)", "азайту" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының
әкімі
М.Мұстафин

      2018 жылғы "16" ақпан

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министірлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Зеренді ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Шәймерденов

      2018 жылғы "16" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады